Мәдениет

Бір үйде – екі чемпион

Апалы-сіңлі Мәдина мен Жәмила Бақбергеновалар Моңғолия астанасы – Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында алтын медаль иегері атанды.

[smartslider3 slider=2802]

Жәмила Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, екінші рет Азияның чемпионы атағын иеленді. Елордалық спортшы Даваанасан Энхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) және Сумир Ниикура (Жапония) сияқты мықты балуандарды жеңді. Жәмила 2020 жылы Нью-­Делиде (Үндістан) өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Ал Жәмиланың егіз сіңлісі Мәдина Бақбергенова (68 кг) Азия чем­пионатында алтын медалін жеңіп алды. Ол финалда Олимпиада ойындарының жүлдегері қырғызстандық Мейірім Жұманазарованы жеңді. Бір айтарлығы, финалда Мәдина 2:1 есебімен жеңіліп тұрып, жекпе-жектің соңғы сәтінде екі ұпай олжалап, жеңісті жұлып алды десе болады. Сөйтіп қарсыласын 3:2 есебімен жеңе білді. Осылайша апалы-сіңлі Бақбергеновалар әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль әкелді.

Баян Асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button