Sport

БIРIНШI КYНI-АК ЕКI АЛТЫН!

чиннн

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан ХҮІІ жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары алға қойған мақсаттың үдесінен шығып келеді. Ұлттық қоржынға әзірге 2 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль түсті.

Инчхон төрінде қазақтың көк байрағын алғаш аспандатқан ауыр атлет Маргарита Елисеева болды. 49 келі салмақта сынға түскен қаршадай қызымыз серпе көтеруде 106 келіні, ал жұлқа көтеруде 88 келіні көтеріп Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Алтын таққан чемпиондар қатарын дзюдошы Елдос Сметов жалғастырды. Ал, 60 келі салмақта сайысқа түскен қазақ жігіті алдымен тәжік балуаны Абатолла Аминовты таза жеңсе, ширек финалда гонконгтік Кин Тингті тізе бүктірді. Ақтық белдесуге жол ашатын шешуші айқаста Елдос Жапония үміті Тори Шишименің жауырынын жер иіскетті. Ал алтын медаль үшін болған финалдық жекпе-жекте қазақ жігітінің екпініне моңғол балуаны Волтбаатор Ганбат еш қарсылық таныта алмады. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржыны бірінші күні-ақ екінші алтынмен толықты.

Лондон олимпиадасының чемпионы Зүлфия Чиншанло бұл жарыста бірінші орыннан көрінеді деп үміттенгенбіз. Алайда, қарсыластары біз ойлағандай осал болмай шықты. Дегенмен, біздің қыз әлемдік рекорд жасап, дүйім жұртты таңдай қақтырған да еді. Бірақ тайланд қызы арада көп уақыт өткізбей-ақ Зүлфияның рекордын тағы бір жаңартып жіберді. Сөйтіп,  Чиншанло екінші рет қатарынан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Апалы-сіңілі Александра мен Екатерина Немичтер синхронды жүзуде, Андрей Могилевский стенд атудан, дзюдо күресінде Мария Ордабаева қола медаль тағынды.

Байрақты жарыстың үшінші күні де қанжығамыз майланбай қалған жоқ. Әлем чемпионы Максим Раков финалға шығып, байырғы қарсыласы моңғолиялық Тушвайатор Найданнан жеңіліп,  күміс жүлдегер атанды.

Ертеңнен бастап жүлделер үшін бәсекеге боксшылар мен балуандар кірісетін болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button