Мәдениет

БІРІНШІ ОРЫН – БАЙҒОЖИНДІКІ

b0d17c644d41581972a64469089

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин Италияның Arena di Verona театрында тыңдаудан өтті. Ол Гаэтано Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсындағы Энриконың партиясынан үміткерлердің бірі болатын. Байғожиннің әлемдік операның әйгілі әншілері өнер көрсететін төрі – Arena di Verona беделді театрында бірден үш партияны орындау мүмкіндігіне қол жеткізуі – үлкен жетістік.

Осылайша, әнші «Дон Жуан» операсында Мазетто партиясын, ал 2015 жылы Дж. Россинидің «Севильский цирюльник» операсындағы Фигароны және Г.Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсындағы Энрико партияларын орындайтын болды.

«Өз елімнің атын лайықты қорғай алғаныма қуаныштымын. Қаншама опера әншісінің арманы – Arena di Verona театрында өнер көрсету. Осы мүмкіндікке ие болғанымды мақтан тұтамын» дейді опера әншісі. Ол – Arena di Verona театрында шырқайтын тұңғыш қазақстандық опера әншісі. Бұл Қазақстанның мәдени өмірінде елеулі оқиға екені сөзсіз. Мұндай тыңдалымға әлемнің түкпір-түкпірінен келген сахна саңлақтары қатысады. Сол себепті бас­ты партияны орындау мүмкіндігі екінің біріне бұйыра бермейді.

Тағы бір айта кетерлігі, өткен жылдың қараша айында Сүндет Байғожин Италиядағы Опера әншілерінің халықаралық конкурсына қатысып, өз номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс оған Дж.Пуччинидің «Богема» операсында басты партияны орындау құқығын берді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button