Жаңалықтар

Бірінші сабақ – Конституция

29 тамызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде Конституция күніне арналған мереке сабақ өтеді.

Биыл Білім күнін Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің табалдырығын алғаш аттайтын 30 бала бірінші болып атап өтеді. Кішкентай астаналықтар алғашқы сабақтарын Конституция күніне арнайды. Еліміздің бас құжатында жазылған құқықтармен және міндеттермен танысады. Балаларға арналған мереке 40 минуттық сабақ түрінде өтеді. Бірақ, математика мен әдебиеттің орнына олар «білім еліне» қызықты саяхат жасайды, мемлекеттің негізгі заңының шығу тарихымен танысады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Конституция жобасын жасаудағы рөлі туралы білетін болады. Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылардың барлығына бірінші сабақтан естелік ретінде сыйлықтар мен кәдесыйлар таратады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button