Басты ақпаратЭкономика

БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫННЫҢ БЕРЕРІ КӨП

ТОО Аселсан

Мемлекет басшысы электрондық-оптикалық құрылғылар шығаратын «Қазақстан Аселсан инжиниринг» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны қызметімен де танысты. Келешекте зауыт күндіз және түнде көруге арналған әскери оптикалық құрылғылар жасап шығарады.

Жобаның құны – 4,5 млрд теңге. 2014-2015 жылдары линзалар өндірісі бойынша монтаждау жұмыстары жүргізілмек. Келесі жылы толық өндірістік қуатқа көшкен кезде зауыт жүз адамды жұмыспен қамтиды. Ал, болашақта азаматтық және әскери салада қолданылатын электрондық платтар шығару ауқымын арттырмақшы.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­да мұндай жоғары техно­ло­гиялық өндіріс құрудың маңыз­дылығын ерекше атап өтті. Кә­сіп­орынды аралау барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Астана – жаңа қала» индустриялық паркі – ар­наулы экономикалық аймағы жұ­мысының нәтижелері туралы баян­дады. Елорда басшысының ай­туынша, арнаулы экономикалық аймақта инвестициялық құны 181 млрд теңгені құрайтын 49 жоба тіркелген. Соның он бірі жұмысын табысты жалғастырып келеді. «Жалпы алғанда, парк ау­мағындағы кәсіпорындар 2010-2013 жылдар аралығында 182 млрд теңгенің өнімін өндірді. Бұл – жалпы қалалық өндіріс кө­лемнің 36 пайызы. Егер 2010 жылы қаланың өндіріс өнімі 111 млрд теңгені құраса, Индустриалды парк нысандары пайда болғалы бері бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Ал, олардан түсетін салық түсімі 18 млрд теңгені құрап отыр» дейді И. Тасмағамбетов.

  Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button