ӘлеуметЖаңалықтар

«БІРЛІК» БӘРІН БІРІКТІРДІ

Logotip-Nur-Otana1

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Бірлік» филиалы жақында «Бақытты балалық шақ!» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Балалар үйлеріне, мүгедек және жетім балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қамқорлық жасауды мақсат тұтқан филиалдың игі бастамасына көптеген мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар түсіністікпен қарап, демеушілік көрсетті.

Атап айтқанда, ҚР Статистика агенттігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК-дағы «Санақ» бастауыш партия ұйымы психоневрологиялық және тірек-қозғалтқы аппаратының функциялары бұзылған балалар тәрбиеленетін Первомайка балалар медициналық-әлеуметтік мекемесінде болып, концерттік бағдарлама ұсынды. Сонымен қатар, балалардың шығармашылығын дамытуға арналған керек-жарақ және 150 мың теңгенің кеңсе тауарларын алып берді.

ҚР Президенті Іс Басқар­масының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК бастауыш партия ұйымы құны 250 мың теңге тұратын жылыжайды, микрофон, жуғыш құралдарды сыйлады. «Қараөткел» РМК және ҚР Парламентінің «Шаруашылық басқару асханасы» РМК бастауыш партия ұйымдары бірлесіп Астанадағы балалар үйі тәрбиеленушілеріне нан-тоқаш, жемістер, тәттілер мен торттар әкеліп, үлкен қонақасы берді. Ал «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» ЖШС фортепиано және 70 мың теңге сыйлады және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы аниматорлар, клоундар шоуымен барды.

«Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РМК, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ бастауыш партия ұйымдары №1 Ақкөл балалар үйінің мәжіліс залына жарықдиодты қондырғы, 30 мың теңгеге тәтті тағамдар алса, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Ал «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы киім-кешек пен ақша жинап берді.

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы да бірнеше жыл қатарынан Астанадағы «Бөбек» үйіне қуаныш сыйлап келеді. Биыл да демеушілік көмек ретінде 100 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлді. ҚР Сыртқы істер министрлігі шаруашылық басқармасының бастауыш партия ұйымы дәстүрлі түрде Астана қаласындағы Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінен 15 баланы киноға апарып, демалыс паркінде көңіл көтертті.

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы мен ауруханасы «Дар» қоғамдық қорына балалар үйі үшін спорттық тауарлар алу мақсатында материалдық көмек көрсетті.

«Қамқорлыққа мұқтаж балаларға қайырымдылық жасауға аянбаған барлық мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына, бас­тауыш партия ұйымдарының белсенділеріне алғысымыз шексіз» дейді қайырымдылық акциясын ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары А. Қайшарова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button