Қоғам

Бірлік пен тұтастық – дамудың негізі

Астана қаласындағы Достық үйінде Дін істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Қазақстан қоғамының бірлігі мен тұтастығын нығайтудағы діннің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты – конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту болып саналады.

Басқосуға Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері және елордалық діни бірлестік басшылары қатысты.

Мемлекеттік органдардың басшыларымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы этносаралық келісімге ерекше назар аударғаны мәлім. Аталған жиында: «Этносаралық келісімді нығайту – еліміздің тұрақты дамуының негізі. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билік, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жалпы азаматтық қоғам күш біріктіруі қажет. Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін» деп атап өткен еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дөңгелек үстелде жиылған жұрт осы мәселеге айрықша көңіл аударды.

Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы, қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button