«Біртұтас тәрбие»: елордада мектеп оқушыларымен кездесу өтті
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жоспарының орындалуына сәйкес «Заң және Тәртіп» айы құндылығы бойынша №8 мектеп-лицейінде мектеп оқушыларымен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жиынға Астана қаласы Байқоңыр АПБ ӘПБ бастығы Д.Абдрахманов, Астана қаласы Байқоңыр АПБ КПБ кибер қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция майоры Е.Кусетов, ЮПБ инспекторы полиция капитаны К.Зарапов және Байқоңыр ауданы прокурорының өкілі А.Әлімбаев қатысты.
Астана қаласы Байқоңыр АПБ КПБ кибер қылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы өз сөзінде кісі өліміне бармай-ақ банктерді тонап, мекемелер қорындағы қаражаттарды қолды ететін қылмыскерлердің пайда болғанын айтып, осындай алаяқтықтан сақ болуға шақырды.
Сонымен қатар, жиында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-де ойын-сауықтарда отыруы, сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтынын, түнде жүрген кезде бірінші ескерту беріліп, сосын айыппұл салынатындығын, егерде осы аталғандар орындалмаған жағдайда есепке алынатынын айтты.
Кездесу соңында «Заң және тәртіп» айына байланысты атқарылған жұмыстармен танысты.