Мәдениет

Биші-ұстаздың биік өнері

Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнертану ғылымының кандидаты, профессор Гүлнар Саитованың 70 жылдық мерей­тойына орай шығармашылық кеш өтті.

[smartslider3 slider=3268]

 

Бұл кеште өнерпаздың қаншама жылдық өнері мен жеткен жетістіктері, қонақтардың ыстық ықыластары мен ізгі лебіздері толассыз айтылып та, көрсетіліп те жатты. Мерейтойға орай қазақтың атақты ақыны Иран Ғайыптың жырлары оқылды.

Гүлнар Саитова ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрында жетекші балет әртісі, кейін бас балетмейстер болып жұмыс істеген. Шығыс халықтарының би маманы Қазақстанның бірқатар оқу орындарында, соның ішінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ берген. Қазір шәкірттерінің арасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері де бар.

Кеш барысында Қазақ ұлттық хорео­графия академиясының проректоры Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, профессор Тойған Ізім, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері Мукарам Әбубахриева, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің меңгерушісі Светлана Кокшинова және өнертану кандидаты, профессор Гүлнар Жұмасейітова сынды әріптестері келіп, ақжүрек тілектерін жаудырды. Мерейтой иесінің құрметіне толассыз құттықтаулар Қазақстаннан және алыс шетелдерден жіберілді. Арнайы дайындалған концерттік қойылымдар кештің сәнін кіргізе түсті. Гүлнар Саитова да «Хорезм» биі арқылы өнерін паш етті.

 Айдана МҰҒАЗҚЫЗЫ,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер
академиясының студенті

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button