Қоғам

Бишімбаевтың қашып кеткені рас па?

“Бишімбаевтың қашып кеткені“ туралы ақпарат тарағанына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Әлеуметтік желілерде таяуда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы мәліметтер тарай бастаған болатын.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

“Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз”, – делінген ведомство хабарламасында.

ҚАЖК қазақстандықтарға қате мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік барын еске салып, тек ресми дереккөздерге ғана назар аударуға шақырды.

Бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты “шындыққа жанаспайды” деп жоққа шығарды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Check Also
Close
Back to top button