Елорда тынысы

Биыл 100-ге жуық көше жөнделеді

Шаһар басшысы Алтай Көлгінов жұмыс уақыты басталғанға дейін қаланы аралау дағдысы бойынша қалаға қарасты аудандарды аралады. Аралау барысында қаланың 4 ­ауданына қатысты біраз мәселе талқыланды.

[smartslider3 slider=2749]

Аудан әкімдеріне абаттандыру, жол инфрақұрылымдарын дамыту, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарға ерекше назар аудару жөнінде тапсырмалар берген қала әкімі биыл қалада 100-ге жуық көшені салу және жөндеу жоспарланып отырғанын жеткізді.

– Маңызды бағыттың бірі – әлеу­меттік нысандар салу. Мәселен, «Кирпичный» елді мекенінде апатты жағдайдағы мектепті бұздық, оның орнына 1200 орындық жаңа мектеп саламыз (екі ауысымда). Сондай-ақ екі елді мекенде дене шынықтыру-­сауықтыру кешендері жұмыс істейді. Қала тұрғындарының өтініші бойынша дәл осындай кешен «Үркер» («Ильинка») елді мекенінде салынады. Бұдан бөлек, 200-ден астам аула мен қоғамдық кеңістік салып, абаттандырамыз. Сонымен қатар елорда тұрғындарымен тұрақты түрде, әсіресе елді мекендердің тұрғындарымен кездесеміз, әр апта сайын азаматтарды қабылдап тұрамыз, – деді қала әкімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button