Қоғам

Биыл 805 педагог-кәсіби бағдар беруші оқытылады

Сәуір айынан бастап оқушылардың кәсіптік бағдарлануы бойынша орта білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттыру курстары басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2025 жылы 805 педагогті оқыту жоспарлануда. Курстар аясында олардың кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып, заманауи әлемдік тенденцияларды зерттеуіне, кәсіптік бағдар берудің түрлі әдістері мен форматтарын игеруіне мүмкіндік беріледі. Бағдарламада практикалық сабақтар, талқылаулар, кейстерді талдау және көшпелі семинарлар қамтылады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, курстар кәсіптік бағдар беру бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруға, кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізуде және оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңес беруде олардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.

 «Кәсіптік бағдарлаудың негізгі міндеттерінің бірі – жоғары сынып оқушыларының әртүрлі кәсіптер туралы ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдауы мен талдау дағдыларын қалыптастыру. Болашақ мамандықты саналы түрде таңдау оқушыларға пәндерді оқуға көбірек көңіл бөлуге, олардың мансап үшін маңыздылығын түсінуге, демек академиялық үлгерімді арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар кәсіптік бағдарлау ойындары, шеберлік сыныптары мен тренингтер оқушылардың коммуникативті, аналитикалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін сұранысқа ие құралдарға айналуда. Осы әдістердің барлығын педагогтер курс аясында үйренеді», – деп атап өтті «Өрлеу» басқармасының төрағасы Айдана Шилибекова.

Оқытуға отандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатысады. Курс бағдарламасы үш аптаға арналған, содан кейін мұғалімдер біліктілікті арттыру сертификаттарын алады. Ол жыл соңына дейін іске асырылатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button