Ел тынысы

Биыл елордада инклюзияны қолдау бойынша 8 кабинет ашылады

Астанада ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға мемлекеттік қызмет көрсету аясы кеңейеді.  2024 жылы 4 балабақшада (№ 35,63,86,98) және 4 шағын орталықта (№8, №11, №30,№76) инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу жоспарланып отыр.  Бұл туралы Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы 4 балабақшада (№54, №60, №66, №95) эмоциялық-еркi жағынан және мінез-құлқында (аутизм) бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды.

  «Алғаш рет, биыл 1 қаңтардан бастап ата-аналарға қолайлы болу мақсатында, елордадағы 8 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру кабинеттеріне жазылу birge.astana.kz. сайтында онлайн жүзеге асырылып жатыр», – деді Қасымхан Сенғазыев.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button