БілімЖаңалықтар

БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ!

111

Осы күндері Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығының ұйымдастыруымен «Біз мектепке барамыз!» акциясы өтуде. Оның мақсаты – көп балалы отбасынан шыққан, мүгедек, сондай-ақ жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп табалдырығынан аттауға көмектесу. Яғни, ата-аналарға балаларын 1-сыныпқа дайындау қажеттілігін түсіндіру, баланы мектепке жинауға қаражаты жетпейтін отбасыларға қол ұшын беру.

№32 «Балдәурен» балабақ­шасы мен оның шағын орталы­ғында акцияны өткізу бойынша бірнеше іс-шара атқарылды.

Балабақшадағы 1-сыныпқа баратын балалары бар көмекке мұқтаж отбасылар айқындалып, есепке алу мақсатында әлеумет­тік сауалдама жүргізілді. Көмек көрсететін кәсіпкерлер мен демеушілер бекітіліп, «Қамқорлық» пункті құрылды. Ата-аналарға мектепке қабылдау мәселелері жөнінде ақыл-кеңестер беретін ақпараттық алаңдар ұйымдастырылып, «Бірінші сынып оқушысының қиындықтары» атты іскерлік ойын, «Балапан» тобының ата-аналары мен балалар арасында «Барлығын білгім келеді» интеллектуалды шоуы өткізілді.

«Мен –бірінші сынып оқушысымын» атты үздік суретке шығармашылық байқау және өлеңдерді мәнерлеп оқу конкурсы, салауатты өмір салтын қолдау мақсатында дойбы турнирі, «Сен барлығын жасай аласың!» эстафетасы, түрлі байқаулар, сұрақ-жауаптар, спорттық сайыстар өткізілді. Акция барысында демеушілер мен өзге ата-аналар «Қамқорлық» пунктіне қаржыларын құйды.

Әсел НҮСІПОВА,
№32 «Балдәурен» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button