Әлеумет

Біз жемқорлыққа қарсымыз

Мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін бірнеше себептердің қатарында ең басты орынды жемқорлық алып тұр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жемқор­лық­тың алдын алуға ерекше мән береді, оны біз мемлекет және қоғам бірлесіп жемқор­лық­қа қарсы тұру керек екенін атап өткен «Қазақстан-2050» халыққа Жолдауында көре аламыз.
Осы қоғамдық дертті түп тамырымен жоюға Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасының ұжымы да атсалысуда.
Осы мақсатта Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша салық басқармасының ұйымдастыру бөлімі өзге бөлімдерде өткізілетін техникалық оқытулар тақыры­бы­на ерекше көңіл бөледі, яғни, жемқор­лық­тың алдын алу мәселесін міндетті түрде қарас­ты­рылуына және талқылануына мән береді.
Салық басқармасы қызметкерлерінің жұмысында жемқорлықты азайтуға, сондай-ақ, салық төлеушілермен тікелей қарым-қатынас жасауды азайтуға мүмкіндік беретін әдіс – электронды салық қызметі түрлерін мейлінше ұлғайту. Бүгінгі күнде салық төлеуші электронды түрде келесідей салық қызметтерін пайдалана алады:
– салық есептілігі нысанын тапсыру;
– салық міндеттемелерін орындау бойынша бюджеттік есептердің жағдайы туралы дербес шоттан көшірме алу;
– міндетті жарналық салымдар мен әлеу­мет­тік төлемдер бойынша салықтық міндет­те­мелердің бар екенін немесе жоқтығын растайтын мәлімет алу;
– салықтық есепті тапсыруды уақытша тоқтату (ұзарту, қайта жаңарту);
– патент алу үшін есептесу;
– жеке кәсіпкер, адвокат, жеке нотариус, жеке сот орындаушы ретінде есепке тұру.
Нәтижесінде, кәсіпкер өзінің жұмыс орны­нан шықпай-ақ, өзі дербес салық есеп­тілігін жіберуге, өзінің дербес шоттарын қарай алуға, салық органынан хабарлама алуға, патент басып шығаруға, сондай-ақ, жеке кәсіпкер куәлігін алуға мүмкіндігі бар.
Жеке жұмыс орны жоқ, компьютер алуға мүмкіндігі аз салық төлеушілер үшін салық басқармасында терминал қойылған. Оның көмегі арқылы әрбір салық төлеуші электрондық кілт құралы көмегімен салық есебін тапсыра алады, егер қиындық туған жағдайда Салық басқармасы қызметкерінің көмегіне жүгіне алады.
Сонымен қатар, басқарма ғимаратында шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі. Онда басқарма жұмысының сапасына қатыс­ты өзінің жеке ойын еш кедергісіз, жазбаша түрде білдіре алады.
Салық басқармасы қызметкерлері арасында жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқыту және болдырмау бойынша семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. Кез келген салық төлеушы салық органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекетін хабарлай алатын сенім телефоны жұмыс жасайды. Ал, «жеке және заңды тұлғалардың үндеуін қарастыру тәртібі туралы» 12.01.2007 ж. №221-3 ҚР-ның Заңы бойынша анонимді үндеулер қарастырылмайды.

 

Ғ.Есімханова,
Сарыарқа аудандық салық
басқармасының бас маманы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button