Сұхбат

БІЗДІҢ ДӘРІГЕРЛЕР ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН ТҮГЕЛ ТЕКСЕРЕДІ

Айша БЕСТАЕВА, Астана қаласындағы «Демеу» отбасы оқу-тәжірибелік медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Сәлеметсіздер ме?! Есімім – Асыл­бек. Білейін дегенім, бас­қа­ емханалардан сіздердің ор­та­лық­та­ры­ңыздың басты айырма­шы­лы­ғы неде?
– Орталығымызда басқа емханалардағыдай нефролог, уролог, гинеколог және басқа да ма­ман­­дар­­ жоқ. Біз­де­ тек­ от­ба­сы­лық­ дә­рі­гер­лер­ жә­не ­мей­ір­би­ке­лер­ ғана қабылдау жүргізеді. Ол­ар­ бір­не­ше­ бағытта жұмыс істейді, сон­дық­­тан­ да­ біз­дің­ мамандар отбасының бар­­лық­ мү­ше­ле­рін­ түгел тексереді. Яғни, біз­­де­­гі­ от­ба­сы­лық­ не­ме­се­ жалпы тәжірибелі дә­рі­гер­лер­ балаларды да, ересек адамдарды да,­­ яғни, отбасы мүшелерін тегіс қарайды. Бұл отбасы мүшелеріне де, дәрігерге де өте ың­­ғай­лы.­ Өйт­ке­ні,­ бас­қа­ ем­ханаларда ба­ла­­лар­ды­ пе­диатр,­ үлкендерді терапевт қа­ра­са,­ жалпы тәжірибелі дәрігер отбасына бар­ған кезде олардың барлығына бірдей ме­ди­ци­­на­лық­ көмек көрсетеді. Осы арқылы біз­ отбасы мүшелерінің тұрмыс жағдайын, әлеу­мет­тік­ ахуалын біліп қана қоймай, оларға пси­хо­логиялық, әлеуметтік көмек көрсету үшін нені басымдыққа алу керектігін, жал­пы­ ау­рудың қалай қарай бет алып бара жат­қанын қадағалап, бақылап отырамыз. Біздің ор­та­лық­та­ бас­қа­ емха­на­лар­да­ғы­ сия­қ­ты тұрғындарға алғашқы медициналық кө­мек­тің барлығы көрсетіледі.

– Айша Қарабатырқызы, сонда осы от­­ба­­сы­лық дәрігер немесе қазір айтылып жүр­­­ген­­дей­ жал­пы тә­жір­и­бе­лі­ дә­рі­гер ­де­­­ген­ кім?
– Отбасылық дәрігер немесе жалпы тә­жі­ри­бе­лі­ дәрігер – бұл денсаулық сақтау са­ла­сы­ның алғашқы баспалдағындағы маман, ол адам­ дертін кешенді қарап, тереңде жатқан се­­бе­бін түсінуге тырысады, яғни, отбасылық дә­рі­гер отбасылық ерекшеліктерді, тұқым қуа­лау­ факторын, тегін, әлеуметтік жағдайын зер­де­лей­ді және балалар мен ересектерді бай­қау­ бойынша клиникалық білімге ие.

– Мен бірінші топтағы мүгедекпін. Сіз­дің­ ор­та­лық­ ар­қылы невропатологқа қа­лай­ қа­рала аламын?
– Отбасы дәрігері сізді үйде қарайды, қа­жет­ болған жағдайда үйге невропатологты­ ша­қыр­тып алуыңызға болады. Ол үшін қа­ла­мыз­дағы №8 емханаға сейсенбі күндері ха­бар­ла­суы­ңыз қажет.

– «Демеу» отбасылық денсаулық ор­та­лы­ғында қандай әлеуметтік қыз­мет­тер көрсетіледі?
– Қазақстан Республикасының 2008 жыл­ғы­ «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы»­ За­ңы­ның негізінде және нормативтік құ­жат­тар тұрғысынан біздің орталықта тұр­ғын­дарға келесі қызметтер көрсетіледі: әлеуметті ма­ңыз­ды аурулар қатерінің жүріс-тұрыс факторлары мәселесі бойынша жеке кеңес беру, яғни профилактикалық араласу, әңгіме немесе ұсынымдар, денсаулық мек­теп­тері, пациент өмірінің әлеуметтік әр алуан қырлары бойынша психоәлеуметтік кеңестер, мінез-құлық желісін өзгерту бойынша түзету және т.б. Сондай-ақ, ор­та­лы­ғымызда денсаулық мектептері бар. Онда біздің мамандар әртүрлі топтар бойынша тренингтер ұйымдастырып отырады. Тіпті, біздің орталықта қажет бол­ған­ жағдайларда кейбір аурулардың үйіне ба­рып,­ олардың тұрмысымен, әлеуметтік жағ­дай­ла­рымен танысудың мүмкіндіктері қа­рас­тырылған.

– Әлеуметтік қызметтерді алу үшін ор­та­­лық­қа аптаның қай күндері және са­ғат­ нешеде барғанымыз жөн?
– Күн сайын таңертеңгі сағат 9-дан кеш­кі­ 18­.00 аралығына дейін тұрғындарға әлеу­мет­тік қызмет көрсетеміз. Ал, күндізгі сағат 14.00 мен 15.00 аралығында түскі үзіліс. Ден­сау­лық мектептері кесте бойынша күн сай­ын қызмет етеді.

– Ауруыма байланысты менің ау­ру­ха­наға жатып емделуім қажет еді, бі­рақ емдеуші дәрігерім көптеген ана­лиз­дерді тапсыруым керектігін айтып,­ жол­дама жазып берді. Ең қиыны, оларды басқа емханада өтуім керек. Осы ана­лиз­дер­ді сіздің емхананың өзінде тапсыруыма болмай ма?
– Денсаулық Министрлігінің №162 бұйры­ғы­ бойынша әрбір дәрігер науқасты ау­ру­ха­на­ға­ жатқызар алдында нақтама және ем­деу­ хат­тамасына байланысты керекті тек­се­ріс­терді өткізуі тиіс. Онсыз ауруханаға жат­қы­зыл­майды. Өйткені, сырқат адам онда тек­ емделу үшін жатқызылады.

– Қайырлы күн, Айша Қа­ра­ба­тыр­­қызы! Айтыңызшы, сіздерде мей­ір­би­келер дәрігермен неге қатар отыр­­майды?
– Біздің «Демеу» медициналық көмек көрсету орталығымызда медициналық бикелер өз бетімен қабылдау жүргізеді, яғни, жеке науқастың әрі халықтың денсаулығына байланысты көптеген мәселелерді мейірбике өз бетімен шеше алады. Бұл дәрігер мен пациенттің уақытын үнемдейді, отбасылық дәрігер қабылдауының құпиялылығы сақ­та­лады. Кәсіби жағынан мейірбикелердің талдау және клиникалық ойлау қабілеттері дамиды. Шетелде мейірбике – дербес ма­ман­­дық және олар жеке қабылдау жүргізеді.

– Аты-жөнім – Сағдат Қарабалаева. Сіз­дердің мекемелеріңізде про­фи­лак­тикалық екпе жасала ма?
– Иә, біздің орталықта профилактикалық екпелер аптасына бес күн жасалады.

– Сонда қай күндері келуімізге болады?
– Дүйсенбі күні – БЦЖ, сейсенбі, сәр­сенбі, бейсенбі күндері – барлық про­фи­лак­ти­ка­лық­ ек­пе­лер­ жасалады. Ал, Ман­ту­ сы­на­ма­сын жасату үшін жұма күні кел­ге­ні­­ңіз жөн.

– Айша Қарабатырқызы, біз Ас­та­на­ға жуырда басқа қаладан көшіп келіп едік. Айтыңызшы, сіздің ор­та­­лықта кішкентай балаларға тегін дәрі-дәрмектер беріле ме ?
– Жақсы, олай болса, алдымен сіз емханаға келіп, балаларыңызды есепке тұрғызуыңыз керек. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 04.11.2011 жылғы №786 бұйрығы бойынша 5 жасқа дейінгі, ал диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дей­ін­гі балаларға дәрі-дәрмектер тегін беріледі.

– Сәлеметсіз бе! Мен – жеткіншектің анасымын. Ұлым 14 жаста. Соңғы кез­де ол дөрекілік көрсетіп, менің ес­керт­пе­леріме құлақ аспайды, мінез-құл­қын­да­ғы өзгерістерді байқадым. Дер кезінде әрекет етпесем, кеш қалам ба деп алаңдаймын. Сіздің орталықта психолог кеңесін алуыма бола ма?
– Әрине, біздің орталығымызда пси­хо­ло­гиялық қызмет бар. Сізге сол қызметтің мамандары қажетті көмек көрсете алады. Егер сіз біздің орталығымызда тіркелген болсаңыз, телефон арқылы қабылдауға жазылып, психолог маманның кеңесін тегін ала аласыз. Ол үшін 27-45-15 телефонына хабарласып, маманның қабылдауына жазыласыз. Ал, егер біздің орталыққа тіркелмеген болсаңыз, сізге тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетіледі.

– Ақылы және тегін психологиялық қыз­мет­тер туралы толығырақ айтып бе­ре­сіз бе?
– Әрине. Жоғарыда айтқанымдай, ор­та­лы­ғы­мызда тіркеуде тұрған және жасы 24-ке толмағандарға бізде жеке және топтық кө­­мектің барлық түрі тегін көрсетіледі. Қал­­­ған­­ тұр­­ғын­­дар­ға қызметтер ақылы түр­­­де­­ ұсы­­ны­ла­ды. Сондай-ақ, біздің ор­та­лық­­та­­ «Ер мен әйел», «Бала тәрбиелеу. Қа­лай?», «Өзіңе-өзің сенімді болып, мақ­сат­та­­р­ы­­ңа­­ жету жолы» сияқты көптеген ақы­лы­ психологиялық тренингтер өткізіліп тұрады. Жалпы, жеткіншектер 13 жасынан бастап өздігінен психологқа жүгіне алады.­ Тек­ 10-ға толмаған балаларға ата-ана рұқ­са­тын­сыз психолог кеңес бере алмайды.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button