SportЖаңалықтар

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ – «БОМОНД»

n

Астана қаласының Оқушылар сарайында 10-11 мамыр күндері спорттық-балдық би орындаушыларының Бүкіләлемдік «Silkway-2014» фестивалі және Әлем Кубогі өтті.

Оған «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласы әкімдігі, Спорттық билер федера­циясының бүкіләлемдік ассоциациясы, Қазақстандағы би кеңесі және Спорттық билерді дамытудың ұлттық одағы қолдау көрсетті.

Фестивальда еліміздің бірқатар қала­ларынан бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Израиль, Грекия, Польша, Сербия, Ресей, Украина, Белоруссия, Қырғызстан елдерінің де би жұптары өнер көрсетті. Араларында халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері болды. Ал сайысты халықаралық WDC лицензиясы бар төрешілер бағалады.

Латынамерикандық және еуропалық билер қамтылған фестиваль қорытындысында 568 жұптың 8-і алтыннан алқа тақты. Жас мөлшеріне қарай «Eurasia Open» категориясы бойынша Картал Сердар – Аялы Айман, Мусаифов Мадияр – Матияшина Елизавета, Кимлач Андрей – Алимова Элина, Виноградов Владислав – Палерия Татьяна жұптары үздік деп танылса, «IDSA CUP» жолында Жаукин Дани – Конопкина Анна, Байкенов Андрей – Кузнецова Ярослава, Модрзинский Премислав – Журавлева Валерия жұптарына тең келер ешкім болмады. Ал балдық би ансамбльдерінің арасынан Оқушылар сарайының «Бомонд» тобы қарсыластарынан оқ бойы озық екендерін дәлелдеп, Астананың мерейін тасытты.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button