Жаңалықтар

Бізге біреудікі керек емес

Өмірден бір мысал: кеше таксиге отырып, жұмысқа келе жатыр едік. Жүргізуші көлігіне бір мезгілде үш бірдей жолаушыны отырғызды. Сарыарқа даңғылындағы көлік кептелісіне келгенде, ол сөз бастады. Сондағы әңгімесінің сиқы мынау: «Осы кептеліс жол полициясы қызметкерлерінің кесірінен болады. Жол сілтеп, ұйықтап тұратыны несі? Шетелде мұндай атымен жоқ. Мұндайды тек біздің елде ғана көруге болады…». 

Әлгінің «әңгімесін» тыңдауға ешкімнің ниеті жоқ еді. Ол болса, «кім қосылып жамандар екен» дегендей түрмен бізге қарады. Қолдау таппаған соң, әңгіменің ауанын басқаға бұрды. Айтайын дегенім, қазіргі қоғамда өзінікінен гөрі, өзгенікін үлгі тұтатын азаматтар қатары көбейіп барады. Өзіңдегіге көңілі толмай, өзгені қалайды. Өзінікін даттайды, ал, басқаны мақтайды. Өзінде барға қанағат етпейді. Әңгіме осында.

Шетелде кептеліс жоқ дегенді әлемнің барлық қаласын аралап шығып айтса, бір сәрі. Көрші тұрған Мәскеудің кептелісі туралы айтылып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Тіпті, Мәскеудің мэрі ауысқан сайын халық һәм билік тарапынан қойылатын №1 міндет – кептелісті жою. Сол сияқты, іргетасы жүздеген жыл бұрын қаланған Стамбул, Варшава қалалары әлем бойынша кептелістің басында тұр. Астананікі оның қасында әншейін! Жұрттың жиырма минут тұрғанға жаны шығып кете жаздайды. Онысын да түсінуге болар. Бірақ, асықтым екен деп, басқаға тиісіп, кекетуге бола ма екен?

Жұмысымызға асығып бара жатсақ та, біздің бұлай налуымызға түрткі болған кептелістен бұрын әлгі жүргізушінің әрекеті болды. Біреудің ісіне қызғанып қарайтындай, қолдан іс келмейтіндей, қазақ қор емес қой. Басқа елде кептеліс жоқ екен деп, өз еліңді жек көру керек емес. Себебі, қазақтың елі де, жері де – осы!

Айнұр ШОШАЕВА,
a.*********@as************.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button