Жаңалықтар

Бизнес пен биліктің өзара тиімді әрекеттері

Шағын және орта бизнес халық­тың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұ­­мыс орындарының ашылуына, жа­­лақының уақытында төленіп оты­р­­уына себін тигізетіні анық. Бұл ретте елордадағы бизнес пен атқарушы орган өкілдері өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Қаламыздағы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Малика Бектұрова осы жөнінде баяндама жасады.

Астанада индустрияландыру кар­­­та­­сы аясында жеделдетілген ин­­­­­дус­­­­ти­ралды-инновациялық да­­мы­­ту­­­дың мемлекеттік бағдарла­ма­­­­сы­ қабылданып, «Бизнестің жол карта­­сы – 2020», «Өнімділік – 2020», «Экс­­порттаушы – 2020», «Агро­­биз­­нес – 2020» бағдарла­малары жүзеге асырылып жатыр. Басқарма бас­тығының айтуынша, индустрияландыру картасының енгізілген жобалары бойынша қалада өндірілген өнімнің көлемі жыл сайын 2 есе артуда, олардың өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 4,6 пайызды, өңдеуші өнер­кә­­сіпте 5,6 пайызды құрады. Ал, Астана әкімдігі жанындағы үй­­лестіру кеңесі «Бизнестің жол кар­­тасы – 2020» бағдарламасын іс­­ке асыруды бастаған күннен бері жал­­пы сомасы 38 911,5 млн теңгені құ­­райтын 195 жобаны мақұлдапты. Осыған орай, дөңгелек үстелге қа­­­­тысушылар қала кәсіпкерлеріне өн­­дірістік инфрақұрылымды салу­­ға жәрдемдесу, кәсіпкерлердің биз­­несті ашу бойынша өтініштерін қа­­рау мерзімдерін қысқарту және рұқсаттама рәсімдерін жеңілдетуге жәрдемдесу керектігін алға тартты.
Жалпы, мәслихат хатшысы С.Есіловтің төрағалығымен өткен шараға Т.Оразақов, М.Оралов, Б.Солсанов, У.Досаев сынды депутаттармен бірге Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрайымы И.Тюгина, «Астана» ӘКК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Н. Құрманғалиев, «Аруана» ем­деу-диагностикалық ор­­та­­­­лығының директоры М.Шы­­нар, Сауда-өнеркәсіптік палата­­сы­­­­ның төрайымы Т.Кононова қа­тысып, пікір білдірді. Дөңгелек үстел мәжілісінің жұмысын қо­ры­­тын­ды­лай келе, мәслихат хатшысы қатысушылар тарапынан қозғалған барлық проблемалардың кезекті сессия талқылауына шығарылатынын және мүмкіндігінше оларды шешуге жәрдем көрсетілетіндігін атап өтті.

Г.ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button