Қоғам

Бизнес-тренерлер қауымдастығының Ашық форумы өтті

Астанада  Бизнес-тренерлер қауымдастығының жыл сайынғы Ашық форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Корпоративтік даму және мемлекеттік саясат саласындағы сарапшыларға арналған маңызды жиын Назарбаев Университетінде өтіп, Қазақстандағы бизнес-білімнің сапасын арттыруға және кәсіпкерлік ортаны дамытуға бағытталды. Форум саланың дамуына қажет мәселелерді талқылау мақсатында осы бағыттағы жетекші сарапшылардың басын қосты. Оның аясында бизнес саласында білім беруді дамыту және мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етуге  арналған екі негізгі панельдік сессия өтті.

Бірінші сессияда сарапшылар үздіксіз білім беру жүйесіндегі бизнес-тренердің рөлі, тренерлерді даярлауды стандарттау мәселелерін, білім беру бағдарламаларының сапасын бақылау механизмдері және осы саланы реттеуге бағытталған заңнамалық бастамаларды талқылады. Сонымен қатар, бизнес-тренерлікті жеке біліктілік ретінде тану, мамандарға қойылатын талаптарды біріздендіру және салалық стандарттарды қалыптастыру қажеттілігі туралы өзекті мәселелер көтерілді.

Екінші пікірталас корпоративтік білім беруді кадрлық әлеуетті дамыту және бизнестің тиімділігін арттыру құралы ретінде талқылауға арналды. Білім беру мекемелерінің, мемлекеттік құрылымдардың және корпоративтік сектордың өкілдері қызметкерлерді оқытудың заманауи тәсілдері, компаниялардың стратегиялық нәтижесіне жеке дамудың әсері және үздіксіз білім беруді бизнес-ортаға интеграциялаудың озық тәжірибелері қарастырылды. Халықаралық тәжірибеге және жаһандық трендтердің Қазақстан жағдайына бейімделуіне ерекше назар аударылды.

Екі сессия да мемлекеттік институттар, бизнес және сарапшылар қауымдастығы өкілдері үшін пікір алмасудың маңызды алаңына айналды. Бұл кәсіби білім беру жүйесін дамыту және елде тұрақты білім беру экожүйесін қалыптастыру бойынша келесі қадамды айқындауға мүмкіндік берді.

Форум 2024 жылдың ең үздік бизнес-тренерлерін салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды. Саланың дамуына елеулі үлес қосып, ерекше белсенділік танытқан мамандар бес түрлі номинация бойынша марапатталды. Бұл аталымдар бизнес-білім беру саласындағы негізгі жетістіктерді айқындады.

Бизнес-тренерлер қауымдастығының жыл сайынғы Ашық форумы бизнес-білім беру саласындағы кәсіби диалогтың жетекші алаңы ретіндегі маңыздылығын тағы да дәлелдеді. Форумның қорытынды ұсыныстары саланы одан әрі дамыту мен Қазақстандағы бизнес-білім беру стандарттарын жетілдірудің негізіне айналады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button