ЖаңалықтарҚала мен Сала

БИЗНЕС-ЖОБАЛАР БӘЙГЕСІ

images

5-7 қыркүйек аралығында елордадағы «Astana Mall Multispace» коворкингінде «Atameken Startup» атты бизнес-жобалар байқауы өтеді.

«Біз Қазақстандағы жастар кәсіпкерлігін қолдап, дамыту жолында түрлі конкурс­тар ұйымдастырамыз. Атап айтқанда, 2012-2013 жылдары өткізілген 20 бизнес-жоба байқауына 5000-ға жуық адам қатысты. Мегаполис қалалар саналатын Астана мен Алматы жастарының кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігі мол болғандықтан, ел өңірлеріне ерекше басымдық беруге тырысамыз. Осы арқылы жас азаматтардың өздеріне деген сенімділігін күшейтіп, іс бастауға құлшынысын арттырғымыз келеді» дейді «Atameken Startup» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Тазабеков.

Байқауға ерекше идеясы бар кез келген жас www.atamekenstartup.kz сайтына тіркелу арқылы қатысуға тілек білдіре алады. Жеңімпаз үш номинация бойынша анықталады: өндіріс пен қызмет, ақпараттық технологиялар және әлеуметтік саладағы үздік бизнес-жобалар. Жалпы жүлде қоры –
3 млн теңге.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button