Елорда тынысы

«Бизнеске жол» жобасын талқылады

Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастамасымен Есіл ауданы әкімінің аппаратында департаменттің бірінші орынбасары Ілияс Базиловтың төрағалығымен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудегі негізгі күн тәр­тібінде «Бизнеске жол» рес­публикалық жобасы талқыланды. Бұл жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді жеңуге көмек көрсету, құжаттарды ресімдеу кезінде бюрократиялық процестерді азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.

«Бұл жоба кәсіпкерлердің жер учаскелеріне рұқсат беру құжаттарын ресімдеу және алу, коммуникацияларды жүргізу және қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың әртүрлі шараларын – жәрдемақшалар, несиелер және тағы басқаларын алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешуге бағытталған» деді кездесуде Ілияс Базилов.

Кездесуде қазіргі уақытта өңірлерде бизнес-өтінімдерді қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналары жұмыс істейтіні айтылды. Әлеуметтік желілер белсенді қолданылады – аймақтық филиалдардың басшылары Facebook-тегі бизнес өкілдерімен тікелей кері байланысты қолдайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің сұрақтары мен шағымдары Антикор колл-орталығында 1424 нөмірі бойынша қабылданады. Кездесу соңында кәсіпкерлер өз сұрақтарын қойып, «Бизнеске жол» жобасы бойынша ұсынысын айтты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button