Басты ақпарат

БИЗНЕСТЕГІ БЕРЕКЕЛІ БЕЛЕСТЕР

«Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы – биліктің бизнеске көрсетіп отырған кең қолдауының бірі. Кәсіпкерліктің  алдағы он жылдағы даму бағдарын айқындап берген бұл бағдарламаның алғашқыда қанатқақты жоба ретінде, одан соң толық күшіне енгеніне екі жылдан асты. Алғашқы адымдары да жаман емес.  Басқасын айтпағанда,  Астана бойынша 130-дан астам жоба мақұлданып, оған  мемлекет бюджетінен қайтарымсыз миллиардтаған қаржы бөлінді. Бұл тек бюджет қаржысының игеріліп жатқанының көрінісі емес. Кәсіпкерлердің бойындағы  «өзiмiздiң өндiрiстiң көшін алға сүйрейміз» деген ынтаның белгісі. Оған кәсіпкерлердің белсенділігі дәлел болып отыр.

Соңғы екі жылдың ішінде отан­дық кәсіпкерлікке қан жүгіре баста­ды. Мемлекет бизнес сектор­ға­ қолдау көрсетпегенде, олай бо­л­уы мүмкін емес еді. Өйткені, бұ­­ған де­йін шағын және орта бизнес­ ісін­ өрге сүйреуі үшін екінші дең­гейлі банктерден несие алып, тап­қан­-таян­ғанын үсте­ме­мен алған қа­рыз­­­­­ды қай­таруға жұм­сайтын. Ал «Биз­­нес­­тің жол картасы-2020» бағ­­дар­ламасы бойынша қаржы қайтарым­сыз негізде беріледі. Әр­и­не, бұл көлденең көк аттыға сұ­ра­ған­ ақшасын бере салады деген сөз­ емес. Тегін дүние­ні алудың да өз шарт­­­тары бар. Бұл бағдарламаның басты шарты  –  қолданыстағы кәсі­п­орын мен ондағы жұмыс орнын сақ­­тап, экономиканың шикізаттық емес секторының тұрақты дамуын қам­­тама­сыз ету.

Шағын және орта кәсіпкерліктің көк­­жие­гiн кеңейтетiн бұл бастама — «Үдемелi индустриалды-инно­­­вациялық даму бағдарла­ма­сы­­ның» бiр тармағы. Дiттегенi — ша­­­ғын және орта бизнес секторын сауықтыру, яғни, кәсiпкерлiк әлеуеттi арттыру. Бизнестің балансты дамуын көздеген бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады.  Бірінші­ бағыты – жаңа бизнес бастама­ны қолдау.  Бұл бағыттың өзі бір­не­ше бағыттан тұрады: несиенiң пайыз­дық мөлшерiн субсидиялау; биз­нес­тi бөлiп кепiлдеу; өнеркәсiп ин­ф­­ра­­құрылымын дамыту.

Екіншісі, кәсiпкерлiк сектор­ды сауық­тыру деп аталады. Мұнда­ғы жұмыстың барлығын ҚР Экономи­калық даму ми­ни­стрлiгi жүзеге асырады. Себебi ол – iрi бизнестi дамытуға арналған бап. Ал, Астана­да iрi өнеркәсiп ошақтарын ашу қажеттiлiгi байқалмағандықтан, бұл бағытты орындауда елордалық үл­ес­ жоқ.

Жалпы, мемлекеттiң кәсiпкер­лiк­ке кепiл болуы халықаралық iс-тә­жi­рибеде бар. Мәселен, мұн­­дай тәжiрибенi Германиядан кез­дестiруге болады. Банк кәсiп­кер­­­лердiң бизнес жоспарымен та­­ны­­сып, оған қаржы салудың тә­уе­­к­е­лi зор екенiн бiлгеннен кейiн, кәсiпкерлер мемлекеттiң кө­ме­­гi­не жүгiне алады. Үшіншісі – кә­­сiп­кердiң валюталық тәуекелiн төмендету. Оның көмегіне не­гi­зiнен экспорттық бағытта жұмыс iс­теп жүрген­ валю­таға тi­ке­лей қатысы бар­­ кә­­сi­­п­о­­­­ры­н­дар жүгіне алады. Тө­р­­тiн­шi­ ба­ғыты – кәсiпкерлiк әлеует­тi арт­­тыру деп аталады. Бұл сер­вис­­­тiк қыз­мет көр­­се­тумен тығыз байла­ны­с­ты, яғни, кон­­сультативтi-кон­салтингтiк қызмет көрсету. Он­­да кәсiбiңдi қа­лай ашу ке­рек, жұ­мыс iстеудiң қыр­-сыры, бизнес жоспар құру, сапа менед­жмен­тi­­не көшу, салық және басқа да мем­ле­кет­тiк органдарға есеп беру, есеп жүргiзу, кеден саласына қатысты сұрақтарға жауап берiп, құқықтық сауаттылығын көтерудi жолға қояды. IТ-технология мен салалық бағдарламаларды меңгерiп, сол бағдарламамен жұмыс жүргiзудi үйретедi.

Бұдан бөлек, бағдарлама шеңбе­рін­де кәсіпкерлерге қаржысыз да қол­­дау көрсетіледі.

Бастапқыда бағдарламаға кәсіп­кер­лер­дің барлығы бірдей қатыса алмап еді. Себебі, әуелдегі ере­же­­­­ге сәй­­кес, сауда мен қызмет кө­­р­­­­­­сету саласы өнім­­ шығарушы бо­­­­­ла алмағандықтан, бағ­дар­­­­­­­­ла­­маға қатыс­­тырылмады. Биылғы жыл­­­­­дың­ мамыр айында ережеге­ бірқа­­тар­ өзгерістер енгізіліп, техника­лық қыз­­мет көрсету стансалары­, кір­ жуу, химиялық тазарту сынды­ қызмет көр­сету нысандары қатыстыры­латын бо­лып­ шешілді. Астананың жағдайында бұл­ өзгерістің маңы­зы­ зор. Өйткені, қалада алып өн­­ді­­ріс ошақтары жоқ. Ело­р­­да кәсіпкер­лігінің басым бөлігін, нақ­ты айтсақ 60 пайызын қызмет көр­се­ту мен сауда-саттық құрап отыр.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қо­ры» АҚ Астана қаласы бойынша фи­­­лиа­­лы­ның директоры Ильмира Хамзинаның айтуынша, елордалық кәсіпкерлердің бел­сенділігі өте жоғары.

Астана бойынша бағдарлама шең­берінде 130-дан астам жоба қолдауға ие болып, оның 96-на қол қойылыпты. Негізінен, ол көліктік қызмет көрсету, қонақ үй, мейрамхана, медицина, тамақ өндірісіне тиесілі. Игерілмей жатқа­ны – өнеркәсіп саласы. Оның да өз себебі бар.  Республика бойын­ша бағдарламаның орында­лу рейтингісіне көз жүгіртсек, биыл­ғы жылдың 1 қазанындағы көр­­сет­кіш бойынша Астана 11 орын­да тұр. Себебі сол, облыс ор­та­лық­тарында алып өнеркәсіп ошақтары көп. Тіпті, бір облыстың өзінде бірнеше аудан мен қала және олардың бас-басында ірі өнер­кә­сіп нысандары бар. Ал, Астана бі­рі­нші­ден елдің саяси-әкімшілік орталығы. Сондықтан, қала қанша үл­­­кен болғанымен онда өнеркәсіп ошақ­­тарын ашу қисынсыз. Бұл елор­­далық кәсіпкерлерге қолбайлау болып тұрған жоқ.

Соңғы екі жылдың ішінде онда­ған кәсіпорынның жұмысына «жан біт­ті».

«Made in Kazakhstan» деген жазуы бар киім-кешек те шығарыла бастады.

«Жол картасына» жүгінген кә­сіп­орынның бірі – «Гауһар» тiгiн салоны. «Астанада жасал­ған»­ де­ген брендпен бүгінде «Гауһар­дың»­ ісмерлері тіккен былғары күрте­ше­лер қалалықтар тарапынан зор сұранысқа ие болып отыр. Теріден тігілген киім-кешектері Түркия мен Италияның өнімдерінен еш кем емес. Яғни, осы бір ғана мысалдың негізінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы импорттықтәуелділікті азайтып, отандық өнім­ге дем береді» деп айтуға толық не­гіз бар.

Сөз басында қаржылық қол­дау­­­­­дан­­­ бөлек, қаржысыз да демеу­ ба­рын­ айтқанбыз. «Бизнес­ кеңес­ші»­ жоба­сы­­ның аясында 600-ден астам кәсіпкер ар­­найы дә­ріс оқ­уы­нан өтті. Сондай-ақ, «Іс­кер­­ бай­ла­ныс» жобасының не­гі­­зінде 200-ден астам отандық кәсіп­кер­ шетелге оқуға жіберілді. Оның іші­­нде елордалықтар да бар. И.Хамзинаның айтуынша, ай­­ сайын «Даму» кәсіпкерлікті қол­­дау қорына кемінде 100 адам келеді. Мониторинг нәтижесіне көз­ жүгіртсек, сол келгендердің ке­мінде 10 пайызы бағдарламаның бел­сенді қатысушысы болып табылады. Яғни, халықпен насихаттық жұмысы нәтижесіз емес деген сөз.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button