Жаңалықтар

Блогерлердің қоғамдық пікірге ықпалы қандай?

Елордадағы Достық үйінде «Блогерлік – қоғамдық пікірді қалыптастырудың құралы» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Басқосуға депутаттар, журналистер, қоғамдық және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=2177]

Елімізде қоғамдық пікірге ықпал ете алатын жаңа адамдардың толқыны пайда болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мұндай өзгеріс уақыттың талабы екеніне назар аударды. Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру туралы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясат идеологиясының негізгі бағыттарын түсіндіруде біздің қоғамға жаңа тұлғалар қажеттігін айтты.

«Заманауи ақпараттық технологиялардың дамыған заманында халық арасында идеологиялық жұмысты түсіндіру мен жүргізудің рөлі артты. Қазіргі кезде тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі қоғам дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан гөрі әлеуметтік желілердегі ақпараттарға көбірек сенеді» деді ол.

Басқосуға қатысушылар әлеуметтік желіде онлайн-күнделік ашу үшін журналистік мамандық алудың қажеттілігі жоғына назар аударды. Өйткені бұл кеңістікті жастармен бірге әртүрлі жастағы адамдар да оңай игере бастады. Мұндай тенденция блогерлерге өздері тарататын ақпараты үшін толық жауапкершілік жүктейтіні белгілі.

«Блогерлік дегеніміз – ақпарат таратудың жаңа форматы. Алайда ақпараттты қабылдау­да аса сақтық жасау керек. Себебі бір ғана жеке адамның ой-пікірі басқа адамдардың көзқарасынан бөлек болатыны анық. Қандай жағдайда болсын блогерлер өздері тарататын ақпараты үшін жауап беретінін түсінуі тиіс» деген пікір айтты PR-маманы Номма Зарубина.

Дөңгелек үстелге қатысушылар достық этносаралық қатынастарды қалыптастырудағы блогерлердің рөліне айрықша тоқталды. Журналистер клубының өкілі Аделия Тухбатова этносаралық қатынастарды жазатын әрбір журналист пен блогердің негізгі принципі төзімділік болуы қажеттігін атап айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button