ЖаңалықтарИмантаразы

«Бөбек» жәрдемдеседі

Астаналық Еуразия гуманитарлық институты «Педагогика және психология» ма­мандығының студенті Перизат Оңғар­бек, Еуразия гуманитарлық институты кол­леджінің «Мектепке дейінгі білім» маман­дығының студенттері Алина Қалибек пен Аида Жантуарова Сара Назарбаеваның білім грантына ие болды.­

Негізінен, Сара На­зар­бае­ваның білім гранттары жетім, ата-анасының қамқорлы­ғын­­сыз қалған, тұр­мысы төмен және көп бала­лы отба­сылар­­дан шық­қан бала­ларға әлеу­­меттік көмек көр­­­­сету мақ­­са­тында сарап­­­тама­лық комис­­­сия­­­мен тағайын­дала­ды. Өткен жылы осы атау­лы грант­ты елор­­далық Білім бас­­қар­­ма­­сы­­ның «Кәме­летке тол­ма­ған балалар бас­панасы» ММ тәр­­бие­­ленушісі Диана Бек­­назарбекова ие­ленген. Ол бүгінде Астана қала­сындағы Гума­нитарлық кол­леджде «Бастапқы білім» ма­ман­дығы бойынша оқып жүр.
Басынан бастап баян­дап өтсек, Сара Назарбаева жетек­­ші­лік ететін «Бөбек» қайы­­­рым­­­дылық қоры 1992 жылы құ­рылған болатын. Қор қыз­метінің басты мін­деті – жетім балаларға кө­мек­тесу. Өйткені, ел тәуел­сіз­дігінің алғаш­қы кезеңінде жасөс­пі­рім­дерді қорғау мәсе­лесі ерекше көңіл бөлуді қажет ете­тін. Осы жылдары «Бө­бек­тің» бастама­сы­мен жүздеген қайы­рым­дылық акциясы өткі­зілді. Ал, 2002 жыл­дан бастап бұл қор ата-анасының қам­қор­лығынсыз қалған және тұрмысы төмен балалардан бастап, сту­дент­терге де көмек көр­сетуді қол­ға алды. Енді, биыл «Бөбек» қоры еліміздің жоға­ры оқу орындарында, техни­калық және кәсіби білім меке­­ме­ле­рінде оқуға Сара Назарбае­ва­ның 70 білім грантын бөліп отыр.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button