Ел тынысы

Боччадан республикалық турнир өтті

Астанада еліміздегі алғашқы бочча жаттықтырушысы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өз мәресіне жетті. Турнир бағдарламасына сәйкес спортшылар жеке, командалық және жұптық сайыстарда бақ сынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сайыс қорытындысы бойынша командалық жарыста бірінші орынды Астана қаласы мен Жетісу облысының құрамалары (Қуаныш Асқарбеков, Аманай Батханов, Меруерт Тілебалды) өзара бөлісті. Екінші орынды тағы бір астаналық команда (Ерхат Алмат, Виктория Шайдурова, Мейірбек Оразбек) иеленсе, Батыс Қазақстан облысының спортшылары (Гүлсезім Арыстанғалиева, Назерке Өтеғалиева, Наурызбек Нұрберген) үздік үштікті қорытындылады.

ВС3 дәрежесіндегі жұптық жарыста Жамбыл облысы мен Астана қаласының құрамалары топ жарды. Астананың тағы бір жұбы екінші орыннан көрінсе, үшінші орынды Жамбыл және Жетісу облыстары бөлісті.

Айта кетейік, жекелей жарыстар елордадағы «Аспан» спорт кешенінде, ал жұптық және командалық сайыстар Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Биылғы додаға 130 спортшы қатысты, бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есеге жуық көп. Жарысқа еліміздің 14 өңірінен, соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды, Атырау, Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарынан келген спортшылар қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button