Мәслихат

Бөлімше жұмысымен танысты

Астана қаласы мәслихатының бір топ депутаты Психикалық денсаулық орталығының уақытша бейімдеу және уытсыз­дандыру бөлімшесінің жағдайымен танысты. Оған қалалық Полиция департаменті мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары қатысты. 

Бұл – қаладағы жалғыз бөлімше, бірақ ғимараттың жағдайы сын көтермейді. Кездесу барысында қызметкерлер бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Олардың айтуынша, орталықтың материалдық-техникалық базасы ескірген. Ең алдымен, бұл бөлімшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Штатта небәрі 20 медицина қызметкері жұмыс істейді. Сондықтан медицина қызметкерлерінің жүктемесін азайту үшін кадр санын көбейту маңызды. Жылдың басынан бері мұнда 8000-ға жуық адам жеткізілген. Орталыққа әкелінген адамдар 3-4 сағаттан соң босатылады.

Мәслихат депутаттарымен кездесуде ғимараттың ішкі жағдайы мен медициналық персоналдың жұмыс шарттарын жақсарту керектігі, қалада осындай тағы бір мекеме ашу қажеттілігі айтылды. Қалалық мәслихаттың алдағы отырыстарының бірінде тиісті мамандармен бірге бұл мәселелерді шешу жолдары қарастырылатын болды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button