Жаңалықтар

Бокс клубы ашылды

Елордада Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясында «QAZAQ BOXING» бокс клубы ашылды. Мектеп ішінен ашылған бокс залының негізгі мақсаты – жас ұрпақты спортқа бау­лу, салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу. Залдың ашылуына мектеп ұжымымен бірлесе отырып, «BOXING QZQ» бокс академиясы демеушілік жасаған.

[smartslider3 slider=2846]

Шараға Алматы ауданы әкімінің орынбасары Рахматолла Аблазимов, қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, Әлем чем­пионы, халықаралық спорт шеберлері Серік Сәпиев пен Мерей Ақшалов қатысты.

– Мектеп ішіндегі ғимаратты осындай пайдалы нәрсеге айналдырып, балаларға жағдай жасап отырғандарыңызға риза болып отырмын. Осы залда жаттыққан балалар Серік, Мерей ағалары секілді Олимпиада чемпионы болып өссін. Қазақ елінің атын танытар балалар көбейсін! Балалар жылында балалар үшін жасалып жатқан игі іс жалғаса берсін, – деді Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.

Әлем чемпионы ­Мерей Ақшалов та өз лебізін білдірді:

– Бокс залының ашылғанына шын қуанып тұрмын. Мектептің ішінде мұндай залдың болғаны керемет! Тіпті құрал-жабдықтардың бәрі бар екен. Спортпен айналысатын балалар үшін мұндай жағдайдың жасалғанына ризамын. Болашақта еліміздің көк туын желбіретер азаматтар өсе берсін.

Шарадан соң қонақтар мектеп фойесіндегі инновациялық және шығармашылық жұмыстардың көрмесімен танысты. Сондай-ақ екінші қабатта ашылған Мұстафа Шоқай музейіне экскурсия жасады.

Айзада

Жайыққызы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button