Жаңалықтар

БОЛАШАҒЫ БАЯНДЫ ҚОЗҒАЛЫС

орт

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин журналистерге брифинг өткізді.

«Бүгінгі таңда қозғалыс бел­сенділерінің саны 4 мың адамға жетті. Олардың ішінде бизнес, ғылым мен білім, денсаулық, отан­дық және шетелдік өндірістік кә­­­сіпорындардың өкілдері, мемле­кеттік қызметкерлер бар. Жыл соңына дейін 10 мың адамнан асады деп ойлаймыз. Бұл үлкен жетістік болмақ» деді Д.Жұмин. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Елбасының идеясымен туындаған еді. Мемлекет «Бола­шақ» стипендиясының 20 жыл­дық мерейтой форумына қатысу­шы­ларына айтқан сөзінде: «Қазақ­стан-2050» Стратегиясы – бұл біздің ХХІ ға­сыр­дағы ұлттық идея­мыз. Ол біздің халық ұмтылатын ұлы істерге бастайды.

Мен «Бо­лашақ» бағдарламасы негізінде «Қазақстан-2050» жалпы­ұлттық қозғалысын құруды ұсы­намын» деген болатын. Жаңа ұйым қазақ­стандық мем­лекеттіліктің негізінде жатқан құндылықтар – ұлттық бірлік, ұлтаралық және дінара­лық келісім, азаматтық теңдік және үш тұғырлы тіл, толерант­ты­лық, сонымен қатар қазақ елінің бай дәстүрі мен тарихының баян­дылығын мақсат етеді.

Қазіргі күнде қозғалыстың күшімен «Қазақстан-2050» стра­тегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған 16 жоба іске қосылып, оның төртеуі аяқ­талып, ал қалған 12 жоба әлі жүзеге асырылуда.

Айгүл УАЙСОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button