Білім

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

ZAH_0228

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылау мақсатында республикалық ақпарат тобы өкілдері университет ұжымымен кездесті.

Жиын барысында Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері Б.Бекенов, М.Молдабеков пен Энергетика министрлігі Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменттің директоры Г.Серғазина Жолдауды жан-жақты түсіндірді. Аталмыш шараға Агротехникалық университеттің ректоры А.Күрішбаев бастаған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Инвестициялар және даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Б.Бекенов Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы стратегиялық және жедел маңызы бар құжат ретінде тарихқа енетін бүгінгі күннің маңызды жаңалықтарының бірі екенін айтты. Сонымен қатар ол елі­міздің инфрақұрылымын және теміржол саласын дамыту туралы сөз қозғады. Инвестициялар және даму министрлігінің аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков аталған саладағы атқарылып жатқан игі істері туралы әңгімеледі.

Климаттың өзгеруі жөніндегі департамент директоры Г.Серғазинаның баяндамасы энергетика саласындағы жұмыстар жайында өрбіп, қара алтынның қоры мен оны игеруге инвестиция тарту барысына тоқталды.

Кездесу соңында ақпарат тобының өкілдері оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button