Мәдениет

Болашақ патриоттар байқауы

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Балалар жылының аясында Халықаралық балалар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблея­сының ұйым­дастыруымен «Алтын күн» V балалар патриоттық әндер фестивалінің финалы өтті.

[smartslider3 slider=3084]

Шараның негізгі мақсаты – патриоттық тәрбиені және тұлғаның рухани-­адамгершілік қасиетін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндігін іске асыру, патриоттық ән жанрын насихаттау.

Фестивальге Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктері көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің, ансамбльдердің оқушылары, 6 жастан 16 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатысты.

Фестиваль талабына сәйкес, қатысушы талапкерлер жас санаты бойынша алдын ала іріктелді.

Патриоттық әндер фестивалі екі турдан, жас санаты бойынша 6 жастан 10 жасқа дейін, 11 жастан 13 жасқа де­йін, 14 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта өтті.

Фестивальде «Бақытты бала – бақытты ел» – Отан, Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер, «Әлем балалардың көзімен» – ана, балалық шақ, достық және т. б. тақырып бойынша әндері орындалды.

Қазылар алқасының ше­шімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей болды.

6-10 жас:

1-орын – Ақнұр Жұматай, VokalArt студиялық мектебі;

2-орын – Аружан Кемелбай, №66 мектеп-лицейі балалар композиторы Алтын ­Маханбетованың «Балапан саз» авторлық ән класы;

3-орын – Регина Ли, «Нұр-Сұлтан қаласындағы корейлердің этномәдени бірлестігі» ҚБ.

11-13 жас:

1-орын – Аружан Кұсаинова, №2 балалар музыка мектебі;

2-орын – Адия Ысқақ, «Нұр-Сұлтан қаласындағы қыр­ғыз этномәдени бірлестігі» ҚБ;

3-орын – Аделина Мусина, «Оберег» украин қоғамы» ҚБ.

14-16 жас:

1-орын – Бақнұр Мейрамбекқызы, Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-гимназиясы;

2-орын – Асылжан Кыдырниязов, «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі» ҚБ;

3-орын – Анастасия Овчинникова, «Оберег» украин қо­ғамы» ҚБ.

Фестиваль жеңімпаздары «Үздік орындаушы» аталымы бойынша үш жас санаты бо­йынша жүлдемен марапатталды. Оларға және барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button