Жаңалықтар

Болашаққа бағдар берер жәрмеңке

ERA_9068

Кеше Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында қалалық Білім басқармасы «Астана – тең мүмкіндіктердің қаласы» атты техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің көрме-фестивалын өткізді.

Жыл сайын өткізілетін бұл шараға қаламыздағы 34 кәсіптік білім беру мекемелері түгелдей қатысты. Оқу орындары өздері даярлайтын мамандықтары жайында хабар беріп, түлектерге болашақта мамандық таңдаудың маңызын түсіндірді. Жалпы білім беретін мектептердің 9-11-сынып оқушыларына техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытатын мамандық түрлері таныстырылды.
Бүгінгі таңда жас түлектердің назары ауа бермегенімен, сұранысы жоғары «шаштараз өнері және сәндік косметика», «тігін өндірісі және киімді модельдеу», «қонақүй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тәрізді мамандық түрлері де бар. Келешекте құрылыстың қарқынды жүргізілуіне байланысты құрылысшы мамандардың тапшылығы сезілетінін алдын ала болжап отырған Астана қаласы әкімдігінің Құрылыс-техникалық колледжі түлектерге «құрылыс, ғимараттарды салу және пайдалану ісі», «дәнекерлеу ісі» мамандықтарын таңдауға кеңес берді. Адам жанының арашасы болар медицина қызметкерлерін даярлайтын «Даналық» колледжі де өз жұмыстарын дәріптеді.
Көрмеге қаламыздың көптеген мектептерінен оқушылар келіп, өздерін қызықтырған мамандықтар төңірегіндегі ақпараттарға қанықты. Болашаққа қадам жасар тұста алдыңғы буын ағалардан кеңес сұрады.
Көрме-фестивльдің соңы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арнайы дайындаған концертке ұласты.

Досжан Сқақов

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button