СаясатЭкономика

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР БЕРЕТІН БАСТЫ ҚҰЖАТ

Бейсенбі күні Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылауға арналған қала активінің жиыны өтті. Онда елорда әкімі баяндама жасап, (баяндаманың толық нұсқасы газетімізде жарияланып отыр).
Жиында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Редкокашин, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры Марат Башимов және «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тамара Ширмер ой-пікірлерін ортаға салды.

Сапар АхметовСапар АХМЕТОВ, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Күні кеше барлығымыз Елбасы, пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Қазақ­стан халқына Жолдауы­ның куә­сі болдық.

Президент Жолдауы тұңғыш рет «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі отырысында жария етілді.

Бұл ел Президентінің «Нұр Отан» партиясына деген тегеурінді қолдауы мен терең сенімін білдіреді.

Біз Елбасының биылғы Жол­дауын қазіргі геосаяси жағдай мен жаһандық қаржы-экономикалық дағ­дарысқа қарсы ұсынылған стра­тегиялық құжат деп қабылдауымыз қажет.

«Нұрлы Жол» жаңа эконо­микалық Саясаты – осы құжаттың өзегі. Партия Төрағасы атап өтке­ніндей, экономикамыздың қар­қынды дамыған кезеңінде іргесі ны­ғайған Ұлттық қордың табысы алмағайып заманда ел игілігі үшін тиімді қолданылатын болады.

Бұл Жолдау астаналықтар үшін тек саяси жағынан ғана емес, эко­номикалық тұрғыдан айрықша ма­ңызды. Айбыны артқан Астана алдағы уақытта ішкі бірлік пен бекемдіктің темірқазығына айналып, елордалық жасампаздық пен даму рухы ел аймақтарына серпіліс береді деген сенімдемін.

Осындай ұлы мақсатқа қол жеткізіп, Президент Жолдауын орындау үшін баршамыз бір кісідей атсалысып қызмет жасауымыз қажет.

Келер жыл – Егемендігіміз еңсесін тіктеп, Тәуелсіздіктің тұғыры биіктеп, «Мәңгілік ел» болудың мәнді жолын айқындайтын жауапты кезең. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы – қазақстандықтар үшін мерейлі меже.

РедкокашинВладимир РЕДКОКАШИН, Парламент Сенатының депутаты:

– Елбасы­ның Қазақ­стан халқына Жол­дауы ел эконо­микасын дамытудағы басым бағыттарды айқындап берді. Бұл елдік құжат «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Мемлекет бас­шысы кезекті Жолдауын аяқ астынан жария етуінде өзіндік мән бар. Президент өз сөзінде бүкіл әлем жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын, дүние жүзіндегі экономикалық дағдарыс елімізді де айналып өтпейтінін айтты. Сондықтан, жаһандық дағдарыс қиындықтарының алдын алып, нақты ша­ралар қабылдау үшін осындай қадам жасалып отыр. Мемлекет басшысы кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, алдыңғы кезеңдердің жоспарларына түзету енгізу үшін жедел іске кірісу қажеттігін ескертті. Бұл шаралардың барлығы шұғыл қолға алынып, келесі жылдың қаңтарынан бастап жүзеге асырылмақ. Мұны дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деуге болады. Дағдарысқа қарсы шара­лар­­­дың барлығы ең алдымен қазақ­стан­дықтардың әл-ау­қатын жақсартуды көздейді.  Айталық, Президент экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдауға айрықша мән беріп отыр. Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі қаржыны шағын және бизнесті несиелеуге, банк секторын сауықтыруға,  жаңа инвестициялар тартып,  көлік инфра­құры­лымын дамытуға жұмсауды тапсырды. Мемлекет басшысы тұрғындарды қол­жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше тоқталып,  ипотекалық несиені ба­рынша төмен пайызбен беруді тапсырды. Міне, осының бәрі еліміздің кез келген қиындықтан сүрінбей өтуге жол салып, әр азаматтың ертеңге деген сенімін нығай­татыны анық.

Мейірбек МӘЖИТОВМейірбек МӘЖИТОВ, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры:

Елбасымыздың кезекті Жолдауы – көреген саясатының көрінісі. Жолдауда экономикамызға кері әсер ететін жағдай­ларды байыптап, дағдарыстың алдын алуға бағытталған тапсырмалар берілді. Біз­дің 2008 жылғы «дағдарысқа қарсы» тәжірибеміз төнген қауіпке қарсы әрекет ете алатынымызды дәлелдеді.

Жолдауда қарастырылған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатта шағын және орта бизнесті дамытуға барынша күш салу керектігі айтылды. Шағын және орта бизнесті және ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлінетін болды. Мұнда, әрине, тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, дамытуға жағдай жасалып отыр.

Бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алып, кәсіпкерлікке ден қойғандар күн санап көбейіп келеді. Ағымдағы жылдың шілде айында шағын-орта бизнеспен айналысушылар саны 211 600 адамды құра­ды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 000 адамға артқанын көрсетеді. Соң­ғы тоғыз айда Кәсіпкерлер палатасында кәсібін ашқысы келгендерге бағыт-бағдар беру мақсатында 6577 қызмет көрсетілді.

Шағын және орта бизнес – мемлекеттің экономикалық қозғаушы күші. Сондықтан оның өріс алып, көкжиегінің кеңеюіне, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге күш саламыз. Біз Астана қаласы әкімдігімен бірлесіп «Бизнестің даму картасын» жетілдіру үшін жұмыс жасап жатырмыз. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес жүргізуге қолайлы ауқымды Индустриялды паркі салынып жатыр.

Жаңа экономикалық саясат еліміздің әлеуетін арттыруға тың серпін береді деп сенім білдіреміз.

Тамар ШирмерТамара ШИРМЕР, «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– Елдік құжатта айтылған әр мәселе тұрғындардың әлеуметтік жағдайын ілгерілетуге бағытталған. Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту, көлік жол инфрақұрылымын өркендету,  бірлікті нығайту – әр азаматтың өмірін мәнді ететін салалар легі.  Елбасы мемлекетіміздің алдында үлкен сынақ тұрғанын айтты. Кез келген қиындықтан өту үшін алдымен халықтың бірлігі керек. Президент атап өткендей, біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында осындай табыстарға жеттік. Кейінгі ұрпаққа аманаттап қалдыратын ең басты байлағымыз да бірлік екенін Елбасы атап өтті. Келесі жылы – Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аталып өтпек. Бүгінде осынау маңызды шараға әр этно­бір­лестік ыждаһаттылықпен дайын­далып жатыр. Әрқайсысымыз өз жос­парымызды ұсындық. Күллі этно­бірлестіктер «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атты халықаралық форумға  белсенді қатыспақшы.

Болат БашимовМарат БАШИМОВ, Еуропалық құқық және адам құқықтары сарапшылық институтының директоры:

– Еліміздің ғана емес, батыстың сарапшылары да Елбасы Жолдауы әлеуметтік  міндеттерге де, халықтың әлеуметтік жағдайына да, әлеуметтік құқыларына да кепілдік  беріп отырғанын айтып жатыр. Мұндай кепілдікті дағдарыс кезеңінде әлі бірде-бір мем­лекет берген емес. Жолдау жүктеген тапсырмалардың ішінде қамтылмай қалғаны жоқ. Әсіресе,  халықпен тікелей байла­нысты салалардың барлығы да жік­теліп, оларды дамытуға нақты мін­деттер атап көрсетілді. Мысалы, орта және шағын бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалғанын білеміз. Ал шағын кәіпкерлікпен айна­лысатындардың дені – қарапайым ха­лық. Демек, қазақстандықтарға жаса­лып отырған мемлекет қолдауы – бұл. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағ­дарламасы бекітілді. Бұл – кез келген қаржының сұрауы бар деген сөз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button