Президент пәрмені

Болашақтың сенімді бағдары

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Cтратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа Жолдауын көппен бірге теледидар арқылы тыңдадық. 

Қазіргі таңда халықтың тұрмысы жақсы. Оны қаладан да, ауылдан да жақсы байқауға болады. Әсіресе, Президентіміз өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жұмсап келеді. Еліміздің келешегі де, ертеңгі тағдыры да солардың қолында екені ақиқат. Бүгінде «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті, «Болашақ» бағдарламасы жұмыс жасап жатыр. Елбасы «Баланы білім мен еңбекке дайындау – ата-ананың борышы. «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшін қағидаға айналуы қажет» деп атап көрсетті. Осы мақсатта біз де білім беру саласындағы басымдықтарды негізге ала отырып, оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие берумен бірге оларды ата-баба мұрасын терең танып білу арқылы қазақтың ежелден келе жатқан өнерлеріне баулу бағытында мектебімізде көптеген игі істер атқарудамыз. Алқалы топ ақылдасып, «Мың бала» жобасы құрылды. Осы жобаны пайдаланып, ата-бабамыздың ұлттық дәстүрі мен өнерін одан әрі дамытуда «Шебер қолдар» үйірмесін құрып, шығармашылық жұмыстар атқарып жатырмыз.

Біздің басты мақсатымыз 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған эко­номиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру екені белгілі. Сондықтан, болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайтынын шәкірттерімізге түсіндіре отырып, бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айналуға барынша күш жұмылдырудамыз. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алып жатқан жастардың азат ойлары мен кемел білімдері елімізді күні ертең тың мақсаттарға апаратынына сеніміміз мол.

Қалипа ЖОРАБЕКОВА,
Астана қаласы №51
мектеп-гимназиясының мұғалімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button