Жаңалықтар

«Болашақтың» жаңалығы көп

Саясат НҰРБЕК, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

– Саясат Нұрбекұлы, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» бағдарламасына үміткерлер қабылдауда көп­теген жаңалықтар енгізілгенін естіп жатырмыз….

– «Болашақ» бағдарлама­сының ережелері заман талабына сай өзгеріп, жетілдіріліп отырады. Бұған дейін «Болашақ» бағдарламасына Астана мен Алматыдан тыс өңірлер мен шалғай ауылдардағы азаматтардың қамтылуы жиі сынға алынатын еді. Осыған байланысты біз биыл өңірлерде құжат қабылдауды бастадық. Біздің орталықтан құрылған жұмыс тобы екі жарым ай бойы республикамыздың түкпір-түкпірін аралап, өңір азаматтарынан құжат қабылдады. Әрі бағдарламаның бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, насихаттайтын кездесулер, жиындар өткізді. «Болашақтағы» тың өзгерістер де кеңінен таныстырылды.

– Биыл алғаш рет инженер-лік және медициналық ма­мандық иелеріне шетелде тағы­лымдамадан өтуге мүмкіндік бері­ліп отыр екен. Дәл осы ма­мандықтардың таңдалуына не себеп?

– Бүгінгі таңда осы мамандық­тарға сұраныс көп. Артықшылық беруіміздің басты себебі де – осы. Сонымен қоса, бұрын тек қана мемлекеттік оқу орында­ры­ның оқытушылары ғана тағы­лымдамадан өтіп келсе, осы жыл­дан бастап жекеменшік оқу орын­дарының қызметкерлері де оған қатыса алады. Бұл игі жаңалық өткен жылы «Білім туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес болып отыр. Білім және ғылым министрлігі кез келген жоғары оқу орны мен колледждің, мектеп пен балабақша кадрларына шетелде біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.

– Сонда ғылыми қызметкер-лер­ге биыл қанша стипендия тағайындалған?

– Ғылыми қызметкерлерге бес жүзге жуық стипендия тағайындап отырмыз. Министрліктің қабыл­даған шешімімен, жылына кем дегенде 400-500 маманды шетел­де даярлауды мақсат еттік. Педа­­­­гогтар арнайы ғылыми қыз­­­­меткерлерге арналған магистратура бағдарламаларына қатысумен қатар, 18 айға дейін тіл курстарын оқып,12 айлық ғылыми тағылымдамадан өте алады.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button