Жаңалықтар

«БОЛАШАҚТЫҢ» ЖЕМІСІН ТАТАР КҮН АЛДА

Тәуелсіздік жылдарында еліміз әр­түр­лі салада, әсіресе, білім саласын­да таңқаларлық жетістіктерге жетті. 1993 жылы басталған «Болашақ» бағ­дарламасына биыл, міне, 19 жыл­ толып отыр. Иә, аз уақыт емес. Елі­міз тәуелсіздігін жаңадан алып, бар­­лық заң нормалары өзгеріп жат­қан­ кезде шекара асып, шетке білім із­деп кеткен жастарымыз өздерінің мо­йындарына жүктелген міндетті орын­­дап шықты деуге болады. Бағ­­дар­лама алғашқы жылдары елге қа­­жет болған құқықтық саладағы ма­­­ман­дарды даярлады. Сол бір ке­зең­­­де мемлекетіміз үшін алдымен заң­­­­намалық құжаттарды ретке кел­­­­ті­­ріп, ел экономикасын көтеру мақ­­­­саты тұрды. Осыған орай эко­но­­­мика мен қаржы саласы маманда­ры даярланды. Бұл – алғашқы жі­­бе­­­­­рілген түлектер еді. Кейіннен ин­­­­дус­триалды дамуды қолға алдық. Елі­міз­­де инженерлік мамандықтар тап­­­шылығы білінді. Осы салада әлем­­нің ең озық оқу орындарында сту­дент­тер даярлау қажет болды. Мі­не, екінші кезеңде «Болашақ» сти­пендиясы арқылы инженер-техно­­лог мамандар даярланды.

Бүгінде әлемнің отыздан астам елінде 1974 стипендиат білім алып жатса, 135 стипендиат ғылыми та­ғы­лымдамадан өтуде. Ал, қазіргі таң­да бағдарлама бойынша оқу­ла­­рын тәмамдаған түлектер са­ны 4745 адам болып отыр.

Білім беру саласы – ел дамуының не­гізгі тірегі болғандықтан, қай­ мемлекетте болсын түйінді мә­се­­ле­­нің бірі. Елдегі білім беру жү­­­йе­сінің бәсекеге қабілеттілігі қан­­дай болса, сол­ мемлекеттің эко­но­микасының дең­­гейі де сон­дай бол­мақ. Біздің ел­ де­ сол сүр­леу­мен ке­ле­ді. Оның дә­ле­­лі осы «Бо­лашақ» бағ­дар­ламасы деп ай­туға болады.

Бұл бағдарлама бойынша оқитын студенттердің оқу қаражаттары, шә­кіртақылары мемлекет қазы­на­­сынан төленеді. Мемлекет бір сти­пендиаттың білім алуына жылы­на он мың доллардан аса қаражат жұм­­­сайды. Тіпті, әлемді дүр сіл­кін­дір­­­ген дағдарыс кезінде де біздің сту­­­денттер қаржы жағынан еш тап­шы­лық көрмеді. Жасыратыны жоқ, қомақты қаржымен оқитын сту­денттерге қойылатын талаптар да­ баршылық. Келісімшарт бойынша «Болашақтың» түлектері елге қай­тып­ оралып, кем дегенде бес жыл мем­­­ле­кеттік қызметте жұмыс істеуі тиіс. Ол, әрине, тәуелсіз еліміздің өз ұлан­дарына жасаған үлкен жақ­сы­лығы мен қамқорлығын түсініп, ел­ алдындағы борыштарын өтеу де­­ген сөз.
Бүгінде Елбасының сарабдал сая­­сатының арқасында «Болашақ» бағ­­дарламасы арқылы шетелдің озық­ университеттеріне жіберу жү­йе­сі құрылған. Әрине, бұл ау­қым­ды шара өз жемісін беруде.

Назарбаев университетінің ашы­лу салтанатында Президент Н.На­­зарбаев «Болашақ» халық­аралық бағ­дар­­ламасының жақсы жұмыс іс­теп жатқанын, талапкерлер­ төрт­­күл дүниедегі іргелі де бе­делді оқу орындарын бітіріп, елі­­міздің дамуына өз үлестерін қо­сып жүргенін, ендігі жерде мұн­дай үрдіс өз мемлекетімізде де ор­ны­ғатынын, түлектер Отанымыз­дың өркендеуіне атсалысатынына сенім білдіретіндігін қадап айтқан болатын.

Білімнің терең нәрімен сусын­даған жастар кәсіби біліктілігін арт­тыру немесе арнайы бір сала бойынша ғылыммен айналысу үшін «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелге, яғни, ең жақсы дамыған, ауқымды ғылыми-зерттеу орталығы бар университеттердің біріне жол тартады.

Он тоғыз жылдың ішінде 7,5 мың­нан аса студент даярлан­ды.­ Жалпы, білімге, рухани дамуға құйылған қаржы қысқа мерзімде нәтижесін бере қоймайды. «Болашақ» түлегі, ең алдымен, сырттан алған озық білімінің негізінде елдегі белгілі бір қызметтерге араласа отырып, әбден пісіп-жетілген соң ғана өз нәтижесін көрсете бастайды.

Екіншіден, біз көп ескере бер­мей­­тін дүние – «болашақтық­тар­­­дың» алып келген әлеуметтік ка­пи­талы. Айталық, біздің студент­тер шет мемлекеттердің ең озық уни­верситеттерінде білім алып жа­тыр делік. Ал, онда кімдер оқып жүр деген сұрақтың қойылуы – заң­ды. Әлемдік элиталардың балала­ры, ең білімді жастар оқиды. Гар­вард­ университетін алайық. Бұл оқу орны – дүние жүзіндегі игі жақ­сы­лар мен жайсаңдардың үмітін ұзат­қан ұрпақтары оқитын жер. Яғ­ни, әлем таңдаулыларының ізбасар­ла­ры­мен біздің студенттер парталас бо­лады деген сөз.

Ендеше, сол бірге оқыған, жан-жақтан келген студенттердің әрқайсысы ертең өз елінде белгілі бір белестерге көтеріле бастайды. Енді ойлаңызшы, кез келген үлкен бір мәселені шешу үстінде әлгі бір­ге оқыған екі адамның бір-біріне де­ген көзқарасы қандай болмақ? Міне, бұл да алдағы күндерге үміт шо­ғын үрлей үңілуімізге мүмкіндік береді.
Тәуелсіздіктің бастапқы жыл­да­рын­да-ақ, «зияткер ұлт» идеясы­ның­ алғашқы қадамдары жасала бас­тады.

Сонау 1993 жылдары, еліміз үшін ауыр бір кезеңде, Елбасының ті­­­ке­­лей басшылығымен қол­ға алын­ған­ «Болашақ» бағдар­ла­ма­сына көп­­шіліктің сенімі аз бол­ғандығы рас. Алайда, уақыт көр­се­тіп отыр­ға­нындай, жасалған жұ­мыс­тар­дың бар­лығы ұлт болашағы үшін теңдесі жоқ­ істер еді.

Жалпы, әлем бойынша дәл осы «Бо­лашақ» сияқты бағдарламалар тым аз, ішінара мемлекеттерде ғана кездесіп қалуы мүмкін.

Ұлыбританияда «мемлекеттік шә­кір­тақы» арқылы жылына әр­ елден 5-10 студентті жинап алып, өз еліндегі бір университетте­ оқы­та­ды. 1,5 миллиард халқы бар, Қы­тайға келетін болсақ, жылына бірнеше мың адамды ғана әлем­нің­ ең ірі оқу орындарына жол­дай­ды. Көбінесе, мемлекеттік қыз­мет­кер­лерді қысқа мерзімді, 2 ай­лық, 4-6 айлық, әрі кетсе 1 жылдық курс­тар­ға­ жібереді. Ресей мұны енді ғана қол­ға алып жатыр.

Ал, біздің еліміз жыл сайын өрендеріміздің 87 мамандық бойынша 32 елдің айтулы білім ордаларында оқып, білім алуларына мүмкіндік туғызып келеді.

Қалай дегенмен де, жиырма жыл­дан аса уақыт ағымында көп­те­­ген игі істер жасалып, тарихи ма­ңызы зор науқандарды абырой­мен­ атқару арқылы еліміз әлем алдында өзінің абыройы мен беделін көтеріп, шынайы бейнесін қалыптастырып үлгерді. Бүгінгі Қазақстанды қарқынды дамып келе жатқан, экономикасы тұрақты, саясаты салиқалы, іргесі берік егеменді ел деп біледі өзгелер.

Ал, осы жылдар ішінде «зияткер ұлт» идеясын қалыптастыру мен дамыту жолында атқарылған үлкен игілікті істердің жемісін көрер сәт те алыс емес…

 Саясат НҰРБЕК, 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button