Мәдениет

Болған ана бейнесі жаңғыртылды

Ұлттық музейде ұлт ұясы – Ұлытаудағы Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлердің таныс­тырылымы өтіп, «Болған ана жаңғырт­пасы» атты көрме ашылды.

[smartslider3 slider=2115]

Болған ана кейбір деректерде Алашаханның немересі, ал кейбірінде Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының қызы деп айтылады. Ұлттық музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, археолог, PhD докторы Айбар Қасенәлінің айтуынша, Ұлытауда қазба жұмыстары Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылы жүргізілді. Нәтижесінде Болған ана кесенесінен Алтын Орда дәуіріне жататын жәдігерлер табылды. Соның ішінде тостаған, әйел адамға тиесілі сырға және жібек матадан тігілген шапан, ер-тоқым қалдығы, үзеңгі және қару-жарақтардың қалдықтары бар.

Зерттеу жұмысы тек қазба жұмыстарымен шектелген жоқ. Зертханалық талдамалар жасалды. Генетикалық сараптама Жапонияның ұлттық генетикалық орталығында атқарылды. Бұған қоса, антропологиялық сараптама жүргізілді. Көрмеге қойылған Болған ананың жаңғыртпа бейнесі – гиперреалист мүсінші Айдос Есмағамбетовтің туындысы. Ананың үстіндегі шапан Алтын Орда дәуіріне тиесілі. Ұзындығы төрт метр болатын шапанды археолог, реставратор, көне тоқыма технологияларының маманы Татьяна Крупа қалпына келтірді.

1 наурызға дейін тамашалауға болатын көрмені Ұлттық музей Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button