Жаңалықтар

БОРДО ТЕАТРЫНЫҢ БАЛЕТІ

DSC_7012-1024x681

Астаналық көрермен С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеттік спектаклін жаңа орындауда тамашалайды. «Жібек Жолы» халықаралық фестивалінің аясында, 19 қыркүйекте, тек бір-ақ күн, үлкен сахнада Бордо ұлттық операсының (Франция) этуалі Роман Михалев қиялшыл Ромеоның бейнесін ашады

Хореограф-балет­мейс­тер Шарль Жюдтің қойылымында жарқы­рай­тын балеттің тағы бір жетек­ші солисті – қазақ­стандық жұлдыз Мәдина Баспаева Джульеттаның рөлін орындайды. Айта кетейік, Шарль Жюдтің шақы­руымен Мадина бұл пар­тияны Францияда орын­дап, жоғары талғамды кө­рер­меннің қошеметіне ие болған. Әлемдік балет өнерінің классикасына айналған махаббат оқиғасы бірінші маусымдағы осы сәтті қойылымынан кейін театр репертуарына тұрақты енгізілді. Бордо театры балеттік труп­пасының жетекшісі Ш.Жюд С.Прокофьевтің музыкасына жазылған балеттік спектакльді Рудольф Нуриевтің күрделі нұсқасына негіздеп өңдеген. Ал, негізінен «Ромео мен Джульеттаның» сахнадағы шежіресі 1938 жылы Брно (Чехия) қаласындағы тұсау­кесерінен бастау алады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары, италиялық шеберлер Эцио Фриджерио мен Франко Скуарчапино әзірлеген әсем декорациялар мен әдемі костюмдердің арқасында ерлік істерге толы орта ғасыр дәуірін қиялдарымен шола алады. Қойылым дирижері – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов.

Асығыңыз! Халықаралық фестивальға арнайы баға­мен қойылған билеттер сатылымға түсті. Оларды онлайнда www.BiletiAstana.kz, www.biletbar.kz cайт­та­рынан және «Астана Опера» театрының және «Қазақстан» ОКЗ кассаларынан сатып алуға болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button