Қала мен сала

Бос жерге — жаңа қоғамдық кеңістік

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі Бауыржан Ералы өз парақшасында биыл қаладағы Юбилейная көшесі, 22 және Жеңіс даңғылы, 34 мекенжайларында екі жаңа қоғамдық кеңістік пайда болатынын жазды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұрын бұл аумақтар бос жер телімі болған. Абаттандырудың жалпы ауданы 6100 м ² құрайды.
Жаңа кеңістіктерде әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, серуендеу аллеялары мен тыныш демалыс аймақтары жасалады. Күзгі кезеңде қосымша көгалдандыру жоспарланып отыр, оның шеңберінде көлеңке жасау және микроклиматты жақсарту үшін жайпақ жапырақты ағаштар отырғызылады. Барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button