Әлеумет

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Елордада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болашақ қаржыгерлерге арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – аталмыш оқу орнының түлектерін жұмыспен қамту.

Жәрмеңкеге 20-дан аса халық­аралық компаниялар мен қаржылық ұйымдар қатысты.

«Биыл қаржыгер мамандығы бойынша қолына дипломын алатын 66 студентіміз бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім алып жатқан 3 топ бар. Сонымен қатар екі магистрант пен екі докторант оқу орнын тәмамдайды. Бүгінде 40-тан аса бос жұмыс орны анықталып отыр.

Осындай игі шараға 100-ге жуық адам қатысып отыр» деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Қаржы» кафедрасының профессоры Ботагөз Сапарова.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button