Басты ақпаратҚоғам

Ботайдан атпен шықты бас қалаға

3 қыркүйек күні V Дүние­жүзілік көшпенділер ойындарының қарсаңында «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон бәйгесі басталды.

17 команда таңғы сағат 7:00-де Солтүстік Қазақстан облысы Ботай қонысынан жорықты бастап, 100 шақырым жолды басып Ақмола облысының аумағындағы Лесное елді мекенінде аяқтады. Осылайша жорық басталған бірінші күннің нәтижесі бо­йынша Қырғызстан командасы жеңімпаз атанды. Жамбыл облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді. Жорықтың жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды. Басып өтетін бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон 7 қыркүйекте Астанада аяқталады. Ал жарыстың екінші кезеңі – Лесное ауылынан басталатын жорық Атбасар елді мекеніне барып тоқтайды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button