Елорда тынысы
Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады
Funny Sport жобасы аясында 4 тамызда елордадағы Ботаникалық бақта «Кемпинг» ұйымдастырылады. Іс-шара аясында таза ауада йога сабағы өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараға қатысушылар үшін әйгілі GetFit фитнес-студиясының кәсіби жаттықтырушысының жетекшілігімен ашық ауада йога сабақтары ұйымдастырылады.
Бағдарламада сонымен қатар талантты DJ және танымал Bonapart әртісі ерекше музыкалық қойылымдармен мерекенің сәнін келтіреді. Іс-шара 18:00-де басталып, 21:00-ге дейін жалғасады.