Руханият

Боз даланың бояуы

Серікжанның суреттерінде көбінесе табиғаттың келбеті көрініс тапқан. Жаздың жаймашуақ күні, құба бел, көгілдір аспан… Осының бәрі көз алдыңызда басқа бояумен нақыштала түседі. Яғни, қылқалам шеберінің өзі түсінген, өзі сезінген, өзінің жүрегіне шуағын төккен сәттер сол қалпында көрерменнің көкірек сарайына қонақтайтындай.


Суретші өзінің ұстанымын реалистік бағыт дейтіні сондықтан. Өзі туған өлкесінің тауы мен тасын, суы мен өзенін, орманы мен тоғайын кенеп бетіне бедерлеп түсіруді мақсат еткен. «Осы арқылы болашақ ұрпақ өз туған жерін қадірлеп, қазақтың байтақ даласының киесін сезініп өссе» дейді Серікжан. Суретшінің тағы бір қалт жібермейтін тақырыбы – халқымыздың салт- санасын, әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін бедерлеуі. Оны өз болмысым, басты ерекшелігім деп таниды.

Серікжан Ысқақбекұлы – ҚХР Шыңжаң суретшілер одағының мүшесі. ҚХР ШҰАР Іле қазақ автономиялы облысы, Күнес ауданы Кеңсу ауылында туған. 2000 жылы Шыңжан көркемөнер академиясының сурет факультетінің майлы бояулы кәсібін бітірген. Осында педагогикалық университетті аяқтап, 2016 жылы Қазақ ұлттық өнер универсиетінде кескіндеме мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистратурасын бітірген. Ол – қазір осы оқу орнының «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының оқытушысы. Оның қазақтың көшпелі өмірі мен ұлттық мәдениетін бейнелеген «Наурыз», «Күз», «Қыстаулық», «Күз келбеті» тақырыбындағы майлы бояу туындылары шыңжаңдық суретшілер фестивалінде жоғары бағаланып, марапатталған. Ал «Ұршық иіру» атты майлы бояу туындысы 2004 жылы ҚХР мемлекеттік суретшілер одағы жағынан ұйымдастырылған кәсіби суретшілер конкурсында ІІ орынға, «Нарат сахарасы» атты майлы бояу туындысы 2006 жылы Шыңжаң, Хайнан, Иұннан үш өлке бойынша өткен суретшілер фестивалінде ІІІ орынға ие болады.
Серікжанның өз қолымен жасаған 300-ге жуық домбыра, қобыз, жетіген, барбыт, шертер сияқты қазақтың музыкалық аспаптары Шыңжаң көлеміндегі өнер адамдарының игілігіне жарап тұр.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button