Sport

Боз кілемде белдесті

Елордада еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қалқабай Бопиев атындағы жүлде үшін өткен республикалық турнир аяқталды. Екі күн бойы еліміздің түкпір-түкпірінен жасындай жарқылдаған 500-ге жуық жас қыран бозкілемнің шаңын қақты.

[smartslider3 slider=2962]

Республикалық турнирдің шымылдығын Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев ашты. Ол жас балуандарға сәттілік тілеп, алдағы уақытта ел намысын байрақты додаларда қорғайтын чемпион болыңдар деген ақ тілегін жеткізді.

Біріккен күрес әлемінің (UWW) ережелеріне сәйкес өткен турнирде 2008-2013 жылғы жастар 12 салмақ (23, 26, 29, 32, 35, 38, 42, 46, 52, 57, 62, +62 келі) дәрежесі бойынша күш сынасты.

Командалық есепте 1-орынды Алматы облысы қанжығалады. Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы күміс жүлдені уысына түсірсе, Жамбыл облысының еркін күрес шеберлері қоланы қоржынға тоғытты. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Баян асылбекова

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button