Рухани жаңғыру

Бозоқ қала жұрты жаңғырады

Елорданың «Үркер» тұрғын алабы маңайында, ежелгі Бозоқ қала жұртының орнында ашық аспан астындағы музей ашылады. Ол шетелдік туристерді тартуға жаңа серпін беретін, туристік қала ретінде елорданың бәсекеге қабілетті әлеуетін арттыратын туристік брендке айналмақ.

[smartslider3 slider=2139]

Жақында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-­мәдени музей-қорығы Нұр-Сұлтан қаласының жетекші дизайнерлерін шақырып, ашық аспан астындағы ұлттық парктің кешенді макетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді. Жобаның маңызды міндеті – ежелгі Бозоқ қалашығы нысандарының түпнұсқалығын сақтау, тарихи реконструкцияны елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің көрнекі әдісі ретінде пайдалану екенін ескере отырып, әртүрлі кәсіби қоғамдастықтардың өкілдерімен ынтымақтастық орнату.

Қазір ашық аспан астындағы музей құрудың тұжырымдамасы дайын. Соған сәйкес музейде түркі ғибадатханасы, қаған ордасы, мұнара салынады. Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетіне жетелейтін қазақтың атқа міну мәдениеті де көрініс табады. Қола және ерте темір дәуірі, Андрон мәдениеті, ерте көшпелі мәдениеті белгілері, Қазақстан жеріндегі ең көне ғибадатхана – Баланды (Шірік-Рабат), металл өңдеу шеберханасы макеттері, көне мәдениеттен хабар беретін басқа да белгілер қамтылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button