Елорда тынысы

Бозоқта ағаш отырғызылды

«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Көктем ­келді! Ағаш отырғызуға асығайық» іс-шарасы өтті. ҚР Мәдениет және спорт ­министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шара барысында археологиялық ескерткіш аумағында ағаш отырғызылды.

[smartslider3 slider=2873]

Акцияға Нұр-Сұлтан қаласының музей қызметкерлері, Ә.Марғұлан атындағы археология институты және Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті археология және этнология кафедрасының оқытушылары, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Аt-travel» ат клубы, сондай-ақ елорданың жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің оқытушылары мен білім алушылары қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның назарын тарихи-­мәдени мұра мен экологияны сақтау проблемаларына аудару. Сондай-ақ ұйымдастырушылар өткен акцияның жақын маңдағы төл саябақ аймақтары жоқ «Үркер» шағын ауданының дамуына жағымды әсер ететініне сенімді. Естеріңізге сала кетсек, ежелгі Бозоқ қалашығы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында, Ильинка және Үркер ауылдарының арасында орналасқан. Бұл археологиялық ескерткіш Ақмола облысының «Құмай», «Бытығай» ескерткіштерімен қатар елорданың киелі бел­деуіне кіреді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button