Мәдениет

Бозжайнақ дүние, бол аман!

Ұлыстың ұлы күнi келдi.
Жұрт күткен жылбасы.
Наурыз нұры төгiлiп тұр.
Ақ қар, көк мұздың көбесi сөгiлдi.
Көшеге шықсаң көктемнiң шырайын көресiң.
Буырқанған жер-дүние бусанып жатыр.
Тiршiлiк нәр тiлейдi.
Соны сезгендей көктегi күн сәулесiн молынан себезгiлеп, шапағат шуағын шашуда.
Табиғаттың тамырына қан жүгiрдi.
Құстар құйқылжыта сайрайды.
Желiккен жiгiт – желең жел жетпес жүйрiгiнiң жал-құйрығын тарап «Қыз қууға» жаратып жүр.
Қырда бәйшешек қылтияды.
Астанадан ауылға дейiн алтыбақан құрып тастадық. Әсем әннiң құшағында әуелете тербелмекке тiлек бiлдiрушi бозбала мен бойжеткен болса, кәнеки…
Ұлы даламызға Ұлу жылы тек жақсылық әкелгей!
Елiмiз – аман, жұртымыз – тыныш болғай!
Алтын астаудан ас iшуге лайық Алаш баласының басынан бақ, аузынан ақ кетпегей!
…Бозжайнақ дүние, бол аман!

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button