ӘлеуметЖаңалықтарҚала тіршілігі

BRT АВТОБУСТАРЫ МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ БОЛАДЫ

b7a65e5fe1e14b3aa8c9b21528f

Астана қаласы әкімдігінің www.astana.kz cайты хабарлауынша, құрылысы жүріп жатқан жаңа BRT көлік жүйесі аясында қолданысқа енгізілетін жылдам жүретін автобустар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы болады.

Атап айтсақ,  Станса платформасына автоматты түрде ашылатын есіктер орнатылады. Ол жылжымалы құрам келіп тоқтағанда ғана ашылады. Сондай-ақ, автобустың едені станса платформасымен бір деңгейде болады.

Яғни, арбаға таңылған  мүгедектер көлік құралына өз бетінше отыра алады. Көзі  нашар көретін  мүгедек жандар да   автобустарына еш қиындықсыз мініп-түседі. Жаңа жүйе бесік-арбамен жүрген жас аналарға да, жалпы қала тұрғындары үшін да қолайлы болмақ. Автобустардың салонында арбамен жүретін мүгедектерге белдіктер мен ыңғайлы тұтқалары бар арнайы орын бөлінеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button