Мәдениет

Бүгін – Халықаралық театр күні


Бүгін – Халықаралық театр күні. Бұл күнді аталған өнер түрінің қоғам өміріндегі маңыздылығына назар аудару мақсатында 1961 жылы Халықаралық Театр институты (International Theatre Institute, ITI) бекітті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әр спектакльді қою үшін актерлер, режиссерлер, жазушылар, костюмерлер, гримерлер, жарықтандырушылар және басқа да көптеген талантты адамдар атсалысады. Олар жарқын бейнелер мен ұмытылмас оқиғаларды сахналап, көрермендерді көрермендерді сан сезімдерге бөлеп, терең ойларға жетелейді.

Қазақстанда 57 мемлекеттік және 10 жекеменшік театр жұмыс істеп тұр. Отандық өнер ордаларында 9 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 4 мыңнан астамы – шығармашылық ұжым. Былтыр Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, оның 107-сі отандық авторлардың шығармаларына негізделген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button