Елорда тынысы

Бүгін түнде Сығанақ — Мәңгілік Ел қиылысы жабылады

Бүгін түнде жол жұмыстарына байланысты Сығанақ көшесі — Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы жабылады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесі — Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірде жаяу жүргіншілер плиталарын бөлшектеу бойынша жұмыстарының жүргізілтенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 26 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button